Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Мохсен Фагани бастаған делегация білім, ғылым саласындағы ынтымақтастық бағыттарын талқылау мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы –Ректоры Жансейіт Түймебаев мырзамен кездесті

27 қазан, 2023

Кездесу барысында құрметті қонақтарға    кампус-тур   ұйымдастырылып, университет музейлеріне экскурсиялық шолу жасалды.

Жақында ғана «Әл-Фараби мұрасындағы ізгі адам, ізгі қоғам және қазіргі этика» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысқан Иранның Шахид Бахшти университетінің профессоры Гуламрез Авани бастаған Иран ғалымдары музей экспозицияларына қатты қызығушылығын білдіріп, алғыстарын айтқан еді.

 Болашақта мәдени алмасу бағдарламасы аясында «Әл-Фараби халықаралық орталығы» мен екі елдің ғалымдар тобы Әбу Насыр Әл-Фарабидің қолжазбаларын аудару мен зерттеу жұмыстарын бастап, бір қатар ғылыми-философиялық мұралардың жарыққа шығуына мүмкіндік алмақ. Музейдегі Фараби бабамызға арналған кешеннің осы еңбектермен толығуын асыға күтеміз.

Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Мохсен Фагани музейден қатты әсер алғанын жеткізді. Университет студенттерінің ғылым, біліммен бірге мәдениет пен спортты қатар алып, жоғары білікті маман болып қалыптасып жатқанына қызығушылығын білдірді