Ғұмырының 75 жылдық асу-белесінен асып жатқан, химия ғылымдарының докторы, профессор Әбілов Жарылқасын Әбдуахитұлының бойынан ұстазға тән қасиеттердің бәрін табуға болады.
Жарылқасын Әбдуахитұлы 1971 жылы ҚазМУ-дың химия факультетін тамамдап, сол жылы физикалық химия кафедрасында еңбек жолын бастады. 1974 жылы ол кезде жаңадан ашылып жатқан коллоидтық химия кафедрасының жас меңгерушісі Қ.Мұсабековтың шақыруымен ассистент қызметіне тағайындалды. Профессор Қ.Мұсабековтың жетекшілігімен Ж.Әбілов синтетикалық полиэлектролиттер (СПЭ) мен кіші молекулалы беттік-активті заттардың (БАЗ) комплекс түзуі бойынша зерттеулер жүргізді.
1996 жылдан бастап профессор Ж.Әбіловтың ғылыми қызметі химияның өзекті саласы – Қазақстанның жабайы өсетін шикізаты негізінде биологиялық белсенді заттарды, олардың негізінде фитопрепараттарды жасаумен байланысты болды. 20 жылдам астам уақыт бойына Ж.Әбілов синтетикалық және табиғи сорбенттерге дәрілік препараттарды иммобилизациялау бойынша қарқынды зерттеулер жүргізуде. Бірлескен авторлықта клиникалық сынақтардан сәтті өткен, патенттелген, ҚР-да тіркелген және ҚР ДСМ түрлі дәрілік формалар түрінде өнеркәсіптік шығаруға ұсынған қазақстандық өсімдіктерден ісікке қарсы, бактерицидтік, жараны емдейтін, вирусқа қарсы және қабынуға қарсы әсері бар «Алхидин», «Лимонидин», «Биосед-К» жаңа бірегей отандық препараттар жасалды. Осындай еңбегі үшін 2008 жылы ол қызметкерлерімен ҚР Ғалымдар одағының «Ғылым сардары» сыйлығына ие болды. Бұл бағыт Ж.Әбіловтың басшылығымен халықаралық және республикалық жобалар шеңберінде, оның ішінде «Plants» (The State University of New Jersey, Rutgers, New Jersey, USA), «Studies on the biologically active metabоlites from medicinal plants of Pakistan and Kazakhstan», ҚР БҒМ мен Пәкістан ғылым және жаңа технологиялар министрлігі арасында жасалған келісім шеңберінде (2000-2012 жж.), Ислам даму банкі қаржыландыратын «Developing the Capacities of Al-Farabi Kazakh National University (KazNU), Kazakhstan in Phytochemical Development» (2015-2018 жж.) жоба шеңберінде дамыды.
2000-2009 жылдар аралығында Ж.Әбілов химия факультетінің деканы болып қызмет атқарды. Химия факультетінің деканы бола жүріп Жарылқасын Әбдуахитұлы өзін оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстың шебер ұйымдастырушысы ретінде көп сатылы білім беру жүйесінің (бакалавриат, магистратура, PhD) қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Факультетте бакалавриат пен магистратура бойынша 15-тен астам мемлекеттік стандарт жасалды. 2005 жылы химия факультетінде профессор Ж.Әбіловтың жетекшілігімен тұңғыш рет, университеттің басқа факультеттеріндегі сияқты, пилоттық тәжірибе шеңберінде жоғары оқу орнынан кейін жоғары білікті мамандар – философия докторларын (PhD) дайындаудың жаңа бағдарламасын іске асыру жұмысы басталды. Сонымен қатар, декандық қызметін атқара отырып, Химия факультетінің Ғылыми кеңесінің төрағасы ретінде көптеген маңызды мәселелерді шешуге ат салысты.
2017 жылы профессор Жарылқасын Әбдуахитұлы «ЖОО Үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері атағын иенденді. 2019 жылы JCCBS Оңтүстік елдерінің тұрақты дамуына арналған Ғылым және техника жөніндегі комиссияның (COMSATS) қолдауымен ҚазҰУ Инновациялық зерттеулердің бірлескен ғылыми зертхана-орталығы ашылды.
2012 жылы кафедра қызметкерлерімен бірге профессор-ұстаз 2013-2015 жылдар аралығындағы аға ғылыми қызметкерлер тобы (АҒҚТ) гранттық бағдарламасы бойынша «Қазақстанның өсімдік шикізаты негізінде фитопрепараттардың жаңа гидрогельді емдік формаларды жасау өндірісін құру» атты халықаралық грантты ұтып алды.
Ғылыми зерттеулер бойынша Ж.Әбілов қызметкерлермен бірге 700-ден астам ғылыми мақалалар мен халықаралық конференциялардың тезистерін, оның ішінде 71 мақала Web of Science/Scopus журналдарында, 8 монография, 3 оқулық, 21 оқу-әдістемелік құрал жариялады. 82 патент, алдын ала патент, өнертабыс авторлық куәліктер, 16 ҚР фармакопеялық мақалаларын, әртүрлі препарттар мен олардың негізіндегі дәрілік формаларды өндіру 10 тәжірибе-өнеркәсіптік алды. Scopus базасы бойынша Хирш индексі 10.
Жарылқасын Әбдуахитұлы – алғыр, шешен, өнер-білімге құштар, ғалым, көркем мінезді, әділ, ұтқыр ұйымдастырушы, кәсіби шебер, білгір де, тәжірибелі маман.
Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының ұжымы сізге ұзақ ғұмыр тілейді.
Шынар ЖҰМАҒАЛИЕВА,
Әсел ТОҚТАБАЕВА,
Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының профессоры, доценті