Қызылшадан сақтанудың жолы қандай?

2 қараша, 2023

Қызылша – жедел жұқпалы ауру. Негізгі белгілері: қызу көте­рі­ліп, теріде бөртпелер пайда болып, көзі қы­за­рып, тыныс ағза­ла­ры зақымданады. Ауру тек науқас адамнан жұғады.

 

Қызылша жасырын кезе­ңін­де 9-11 жалпы 15-21 күнге со­зы­луы мүмкін. Алғашқы бел­гі­лері: қызуы көтеріліп, әл­­сіз­деніп, та­маққа тәбеті нашарлап, мұр­ны­нан су ағып, ащы жөтел пайда болып, көзі қызарып қабынады. Одан жұм­сақ және қатқыл таң­дайда теңбіл бөртпелер пайда бо­лады.

Қызылша бөртпелерінің ерек­­шелігі бірінші күні бөртпе бетте, мойында, екінші күні бөртпелер денеде, қол, сан тері­лерінде, үшінші күні бал­тыр, аяқтарда шығады. Бөрт­пелер көлемі 2мм болып, кейде бірнешеуі бірігеді, дегенмен әрбір бөртпелер арасында та­за тері көрініп тұрады. 3-4 күн­нен кейін бөртпелер бозарып, орны қоңырланып, жұқа қа­быр­шықтар қалады. Қызыл­ша­ға көздің қызарып, қабынуы, ірің шығып, таңертең кірпік­те­рін ашудың қиындығы, мойын ар­тында, қолтық бездерінің үлкеюі, ұстағанда ауырсынуы тән. Кейде өкпеде сырыл есті­луі, кейбір науқастың іші ауы­рып, аздап өтуі мүмкін. Қызыл­ша асқынғанында ағзаның ор­­талық жүйке жүйесінің жұ­мысы зақымдалып, жүйкенің қабынуынан өзгерістер көп болады.

Аурудың алдын алу шара­лары; үй жайларын жиі желдету және ылғалды тазалау, нау­қас­тарды ерте, дер кезінде анық­тау (балалар, жүкті әйелдер) және егу жұмыстарын жүргізу.

Қызылша ауруын алдын алу үшін уақытылы егу жұмыстарын жүргізу, үйде қызылшамен ауыр­ған науқас болғанда қа­рым-қатынасты шектеу қажет.

2009 жылдың 30 желтоқ­сан­дағы ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, егу күн тізбегінде 1 және 6 жасқа толған балаларды қызамыққа, қызылшаға қарсы егу жүргізіледі. 30 жасқа де­йін­гі еліміздің барлық тұрғындары қы­замыққа, қызылшаға қарсы вакцина алуға болады.

2023 жылы қызылшаға, қы­замыққа және паротитке қарсы 1 және 6 жасқа толатын негізгі топтағы 9969 баланың, қа­зіргі уа­қытта 7004-ы жоспарлы ек­песін және 1096 қосымша екпе жұмыстары жүргізілді. Осы ат­қа­рылып жатқан егу жұмыс­та­рына қарамастан, Алматы қа­ласында бүгінде қызылша ау­­руының тіркелуі өршуде. Егер Алматы қаласының ау­дандары бойынша бөліністе қа­райтын болсақ, Бостандық ау­данында 2023 жылдың 9 айында 565 жағдай тіркелген. Науқастардың негізгі бөлігі вакцинацияланбаған балалар.

Ауру көзі болып әр түрлі ай­мақтардан келіп жатқан егуден қалыс қалып жатқандар (егі­лу­ден бас тартқандар, дер ке­зін­де аймақтық емханаға тір­кел­мегендер, шетелдіктер).

Қызылша жұқпасының адам ағзасына келтіретін зардабы орасан. Сондықтан қызылша жұқпасының белгілерін, тұр­ғын­дарға жеткізіп, санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізудің маңызы зор.

Меруерт ЖАНСЕЙІТОВА,

Бостандық ауданы Санитариялық-эпидемиялық қадағалау және бақылау бөлімінің басшысы