Студенттер өндірісте жұмыс істеуге бейімделеді

6 қараша, 2023

Тұрақты даму мақсаты аясында химия және химиялық технология факультетінде өндіріс пен білімді өзара байланыстыру үшін өндірістік прак­ти­калар жиі ұйымдастырылады. Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасында «6В05301 – Химия» мамандығы бойынша оқитын 3-курс сту­денттері өндірістік практиканы жеміс пен көк­өністі қайта өңдейтін және қаптама ыдыс­та­рын шығаратын «Цин-Каз» ЖШС-інде өтті. 

 

Практиканың мақсаты – бакалавр студенттерді өндірісте жұмыс істеуге бейімдеу. Практика ба­ры­­сында бакалавр-су­дент­тер өндірістің прак­ти­калық маңызын талдау мә­селелерін жете зерт­те­ді. Зерттеу жүргізу үшін сапа, сипаттама ұғымдары маңызды орын алатынын көрсетті. Тео­рия­лық білімдерін тәжі­ри­беде кәсіби қолдана білетін химик-технолог ре­тінде танылды.

Практиканың үш күні өнім құрамымен таны­су­ға арналды. Мысалы: кетчуптің түрлері (са­рым­сақты, томатты, бұ­рышты), одан басқа соус және маринад (кобра, сацибел, корнишон, қияр, қызанақ), тосаптар: құлпынай, таңқурай, қа­ра қарақаттан және т.б. Зауытта шығарылған әр өнім­нің бір данасын қа­уіпсіздік мақсатында сақ­­тап қоятын қойманы сту­денттер аралап көрді. Егер де уланатын жағдай болса, осы өнімді дәлел ретінде көрсете алады. Өнімдерді сақтайтын бан­каның, сыртындағы эти­кетканың түрлерімен та­нысты. Этикеткасында сақ­тау мерзімі, шы­ға­рылған күні, тауар бел­гісі, штрих кодына қа­рай­ды және ол жерде түсі анық болуы керек.

Зауытта Қытайдан кел­ген өнімді 14 күн бойы сараптамадан өткізеді. Оның химиялық құрамын тексереді. Томат пас­та­сы­ның, соя соусының және чили соусының хи­миялық көрсеткіштері бір­­дей. Мамандар за­уыт­қа келетін шикізатқа мін­детті түрде хаттама тол­ты­рылатыны жайында студенттерге түсіндірді. Өнімді қорғау мақ­са­тында бақылау жасалып оты­рады. Осыдан өткен­нен кейін ғана өнімдер нарыққа апарылады. Бас лаборант А.Кудеринаның тексерісінен кейін ғана өнімдер нарыққа жібе­рі­леді.

Зауыт цехында тем­пе­ратура, қысым, уақытты қа­дағалап отыру ма­ңыз­ды. Физикалық, органо­леп­тикалық, химиялық құ­рамын зерттеуде зерт­хана қызметкерлері көп еңбек етеді және өнім­дер­дің дұрыс болуын тек­середі. Өнім құрамын зерт­теу үшін қолда­ны­ла­тын химиялық әдістерге электротермиялық әдіс­тер, кулонометрия, гра­ви­метрия және басқа да әдістер қолданылады.

Барлық шығарылатын өнім нормативтік құжат­тардың – кәсіпорын стан­дарттарымен, мем­ле­кет­аралық стандарттардың талаптарына сай өнді­рі­леді. Ал өнімнің қауіп­сіздігі ЕАЭО Техникалық регламенттеріне сәйкес жүргізіледі. Заманауи құ­ралдармен жаб­дық­тал­ған өндірістік зерт­ха­на қолданылатын ши­кі­­зат­тың және шы­­­ға­­рылатын өнімдердің сапасын жо­ға­ры дең­гей­де бақылауға мүм­кіндік береді.

Кәсіпорында ИСО 9001, ИСО 22 000, OHSAS 180001, ИСО 50 001 халықаралық стандарт­тар­дың талаптарына сәй­кес төрт менеджмент жүйе­сі, сондай-ақ жа­пон­дық Кайдзен – тұ­рақты жақсарту техно­ло­гиясы енгізілген және олардың бәрі де табысты жұмыс істейді.

Жалпы және бей­орга­ни­калық химия ка­фе­дра­сының ұстаздары жеке тұл­ғаны әлеуметтік-эко­но­микалық бағытында дамыту үшін, еңбек на­ры­ғының сұранысына сәй­кес тұлғаның жеке қа­жеттілігін ескере оты­рып, үздіксіз білім беру жағдайында техникалық және кәсіптік маман­дар­ды даярлау бағытында зор үлес қосуда.

Бейқұт БАЛҒЫШЕВА,

химия және химиялық технология факультеті

х.ғ.д., доцент