Өнер мен киноны тануға арналған VR фестивалі
Өнер мен киноны тануға арналған вируталды шынайылық VR фестивалінде ҚазҰУ студенттері медиатор болды. Шығармашылық мен технологияны астастырған бұл шара Less Media Group компаниясы Есентай галереясы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетімен ынтымақтастықта Қазақстандағы Франция Елшілігі мен Француз институтының қолдауымен өтті. Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында өткен “VR және фотосурет: Француз заманауи өнері” көрмесіне был келушілер қарасы үзілмеген.
«Медиакоммуникациялар»білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Бекзат Жүсіптің айтуынша, көрменің локация жақсы таңдалды. Биыл келушілер саны он есе көп. Көрмеде ұсынылған контент 16 жастан жоғары көрерменге арналды. Шетелдіктер өте көп келді. Интерактив туындыларды көп таңдады. Көрермендердің туындыны көріп қоймастан, оған қатысуы, араласуы қызықты болды. Біз медиатор ретінде көп тәжірибе жинадық. VR туралы жаңа білім алдық», - деп ойын бөлісті. VR фестивалінің соңғы күнінде «Notre Dame» фильмі ең көп тамашаланған. Оқиғаның ортасында болу, сезіну үшін виртуалды технологяиның мүмкіндіктері жылдан жылға артып отырғаны рас.
Фестиваль бағдарламасына “On the Morning You Wake” сияқты соңғы жылдары танымал VR жобалар енгізілген. Бұл деректі туынды желісі ядролық қарулы ел – әлемнің түбегейлі әділетсіздігі идеясына құрылған.Фестивальде Atlas V студиясының жобасынан басқа, Венеция халықаралық кинофестивалінде ең үздік иммерсивті жоба номинациясы бойынша бас жүлде алған екі жұмыс “Hangman at Home” және “Goliath: Playing with Reality” көрсетілді.
2020 жылғы жеңімпаз Карл Сандбургтің 1922 жылғы “What does the hangman think about when he goes home at night from work?” өлеңінен шабыттанған анимациялық VR эссе “Hangman at Home” болды. Ал 2021 жылы бас жүлде алған “Goliath: Playing with Reality” туындысы Голиаф есімді адам өмірін мысалға ала отырып, психикалық денсаулық пен компьютерлік ойындардың әсері сияқты тақырыптарды талдау арқылы шындық шекарасын зерттейді. Журналистика үшін иммерсивті шынайылықтың алатын орны бар. Оқиға орнында болу, тақырыпты ашуда, зерттеуде журналистке мүмкіндік береді.
Журналистердің психологиялық тұрғыда оқиғаны терең түсінуі, ақпаратты жазудағы детальдар мен деректерді келтіруде де иммсерсивті технологияның көмегі болары сөзсіз. Былтыр көрмеде Ауғанстан азаматы Мортазаның Парижге дейінгі мигрант сапарына арналған фильм ұсынылған болатын. Миграция, экстремистік не террористік т.б. жағдайларда тақырыбын журналистік зерттеуде, репортаж жазуда бұл таптырмас технология әдісі.
VR - технологиялары журналистикадағы трансформация феномені. Студенттер он бес күн бойы виртуалды шынайылық шеберханасында тәлім алды. Алматыда өткен Франция елшілігінің VRфестивалінде Бекзат Ахметказы, Әлімжан Қайратұлы, Жұлдыз Жаменкина, Жұлдыз Жұмақанова, Жанерке Хайрадин, Айһаным Төлепберген менторлық қызмет көрсетті. Көрмеге келген әрбір адамға ілтипат, құрмет көрсете отырып, VR зоналарды дәл тауып, құрылғыларды ықшамдап кигізіп, туындыларды қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде таныстырды. Студенттердің білімі мен дағдысы, жаңа технологияға деген құштарлығын арттыратын бағдарламаларды Қазақстандағы Франция Елшілігі мен Француз институты жалғастырады.
Гүлмира Сұлтанбаева