Мұражай тыңдаушыларды қызықтырды

28 қараша, 2023

ТДМ-ның 17 мақсатын іске асыру аясында жо­­ғары оқу орнына де­­­йін­гі білім беру факуль­те­ті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының «Өлке­тану», «Парасат» клуб­та­ры­ның ұйымдас­ты­руы­мен шетелден келген тыңдаушылар ҚазҰУ қалашығында орналас­қан кітапханадағы Әл-Фараби мұражайымен танысты. 

Мұражайда «Көне Отырар – естеліктер қазынасы. Әл-Фа­ра­бидің жастық шағы» бө­лі­мінде тоғыз жолдың тора­бын­да орналасқан, ор­та­ғасырлық Отырардың қай­таланбас ат­мос­ферасы, кітапханасы бей­не­ленген. Сол уақыттың шы­найы бейнесін беру үшін ар­­хео­логиялық қорық мұра­жайы­нан алынған Х-ХІІ ғасыр­лар­ға жататын тарихи экс­по­наттар қойылған. «Ұлы Жібек жолы бойымен» бөлімінде Әбу Насыр әл-Фарабидің шығыс пен батыс мәдениетін ғасыр­лар бойы жалғастырушы, әлем­дік өркениет тарихындағы ма­ңызды жетістігі туралы ай­ты­лады. Қазақ жері арқылы өт­кен Ұлы Жібек жолының ке­р­уен­­дері мұражайды LED экран арқылы айнала жүргенде, өзің­ді бейне сол ғасырда түйенің үс­тінде отырып кетіп бара жат­қандай сезінесің.

«Әл-Фараби. Шығыс пен Ба­тыс сұхбаты» бөлімінде диа­­ра­малар мен витри­на­ларда шы­ғыс пен батыс фи­лосо­фиясының бірігуіндегі ой­шыл­дың ерекше орны образды түрде бейнеленеді. Бұл бө­лім­нің экспозициясында көне грек философиясына қатысты ма­те­риалдар, әсіресе Аристо­тель­дің көзқарастары үлкен мәнге ие.

«Әл-Фараби еңбектері – адам­заттың асыл қазынасы. Әл-Фараби және түркі әлемінің ойшылдары» атты бөлімінде Фарабидің жаратылыстану мен гуманитарлық ғылым­дар­дың әр саласындағы теңдессіз еңбектеріне арналған. Терең білім мен ғұламалық оны «Екінші ұстаз» атандырды. Ұр­пақтарына 200-ге жуық трактат қалдырған, осы трактаттармен тың­даушылар ҚазҰУ кітап­ха­на­сындағы еңбектерден та­ныса алады. «Әл-Фарабидің рухани мұрасы және қазіргі Қазақстан» қорытынды бөлім болып танылады. Мұнда Қа­зақ­­стандағы фарабитанудың бүгінгі жай-күйі туралы мате­риал­дар қойылған. Витри­на­лар­да қазақстандық белгілі фарабитанушы ғалымдардың – А.Машани, А.Қасымжанов, Ә.Дер­бісәлі т.б. көптеген ав­тор­­лардың еңбектерімен та­ны­са аласыздар.

Жаңа технологиямен жа­сал­ған заманауи мұражай тың­дау­шы­лардың көңілінен шығып, шетелден келген қазақ жас­та­ры өздеріне баға жетпес білім ал­ды деген ойдамыз.

Гүлнәзира МӘУЛЕТХАНҚЫЗЫ,

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы