Электрохимиялық материалтану бойынша 3-ші халықаралық олимпиада
2023 жылдың 6 қарашасында Электрохимиялық материалтану бойынша 3-ші халықаралық олимпиада өтті. Олимпиаданы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Электрохимиялық өндіріс технологиялары» зертханасы мен «Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы» кафедрасы 4 «Сапалы білім» (4.3.2 Қоғамдық іс-шаралар (өмір бойы білім беру)) мақсатына қол жеткізу аясында өткізді.
Олимпиада онлайн форматта (тәжірибелік) баршаға (алдын ала жазылу арқылы) тегін өткізілді. Топ өкілдері қазылар алқасы қатысушылардың жұмысын тікелей көре алуы үшін зертханада жұмыс үстеліне қарама-қарсы камера орнатты. Қатысушылар олимпиаданың 3 сағатынан кейін орындалған тапсырмалар бойынша есептерді баспа электронды түрде берді. Алынған есептерді қазылар алқасы мұқият зерттеп, бағалады. Қазылар алқасының құрамына әртүрлі елдердің өкілдері кірді:
1) Мальчик Федор Игоревич, PhD – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан;
2) Dr. Netanel Shpigel – Ariel University, Israel;
3) Арсений Ушаков – PhD, Саратов университеті, Ресей Федерациясы.
Олимпиаданың жүлде қоры 1000 еуроны құрады, оған Электрохимиялық өндіріс технологиялары зертханасы демеушілік жасады.
Олимпиадаға 4 елден 6 жоғары оқу орнының өкілдері 9 команда болып қатысты:
- Autolab 105 (al-Farabi Kazakh National University, Center of Physical-Chemical Methods of Research and Analysis, Laboratory of Technology of Electrochemical production, Almaty, Kazakhstan);
- Short Circuit (al-Farabi Kazakh National University, Center of Physical-Chemical Methods of Research and Analysis, Laboratory of Technology of Electrochemical production, Almaty, Kazakhstan);
- Usanovic Fan Club (al-Farabi Kazakh National University, Center of Physical-Chemical Methods of Research and Analysis, Laboratory of Technology of Electrochemical production, Almaty, Kazakhstan);
- ElectroElite (Nazarbayev University, Center for Energy and Advanced Materials Science, Astana, Kazakhstan);
- Galvanic guys (Saratov State University, Saratov, Russian Federation);
- Saratov (Yuri Gagarin Saratov State Technical University, Saratov, Russian Federation);
- Vae victis (Lomonosov Moscow State University, Moskow, Russian Federation);
- Daniel’s lab (Hebrew university, Jerusalem, Israel)
- REVT-echem (College of Materials Science and Engineering, Sichuan University, Chengdu, China).
2023 жылдың 9 қарашасында марапаттау және олимпиада тапсырмаларын талдау рәсімі өтті. Олимпиаданың сапа деңгейі, сондай-ақ қатысушылардың тапсырмалар деңгейіне қанағаттануы туралы ауызша кері байланыс көп болды.
Осы Олимпиадада жеңіске жеткен командалар:
1 орын - Short Circuit (500 euro);
2 орын - Daniel Sharon's lab (300 euro);
3 орын - REVT-echem (200 euro).
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!