ТДМ-15 «Құрлық экожүйелерін сақтау»

20 қараша, 2023

20.11.2023 ж. з.ғ.м., мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы Жұмадилова Н.С. заң факультетінің студенттеріне ТДМ-15 «Құрлық экожүйелерін сақтау» тақырыбының аясында Алматы ботаникалық бағымен таныстыру жұмыстарын жүргізді.

Алматы ботаникалық бағы — Ботаника және фитоинтродукция институтының құрамындағы ғылыми-зерттеу мекемесі. 1932 жылы Алматы қаласында құрылған. 1967 жылға дейін КСРО ҒА Қазақ филиалының республикалық ботаника бағы деп аталды. 1967 — 1994 жылдары өз алдына дербес ғылыми-зерттеу мекемесі құқында болды, 1995 жылдан Ботаника және фитоинтродукция инстиутының құрамына енді. Жерінің аумағы 104 га. Іле Алатауының бөктерінде, теңіз деңгейінен 850 — 940 м биіктікте, Есентай және Үлкен Алматы өзендерінің аралығында орналасқан. Негізгі ғылыми бағыттары: жергілікті және басқа жақтан әкелінген өсімдіктердің қасиеттерін жан-жақты зерттеу, оларды өсірудің, тиімді пайдаланудың жолын көрсету; өсімдіктерді жерсіндірудің теориялық негіздері мен практикалық тәсілдерін жасау; дүние жүзі флорасына жататын өсімдіктердің биологиялық-экологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Бас ботаникалық бақта жергілікті және басқа жерлерден әкелінген өсімдіктердің 5,5 мыңдай түрлері мен сорттары (оның 100-ге жуық түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген) бар. Олар ботаникалық-географиялық, жүйелілік, ландшафтылық тұрғысынан, сондай-ақ, пайдалы қасиеттері негізінде топтастырылған.

Іс-шараның мақсаты: студенттерді табиғатты аялауға шақыру.