АИТВ – ғасыр індеті

1 желтоқсан, 2023

Адамның иммунитет тапшылығы вирус инфекциясы (АИТВ) - адам үшін ең қауіпті вирустардың бірі. Вирус ағзаның әртүрлі инфекциялардан қорғану қабілетін жойып, қорғаныс жүйесін зақымдайды.

Тәрбиелік сипаттағы іс-шараны өткізу шеңберінде және университет студенттері үшін салауатты өмір салтына деген ұмтылысты қалыптастыру үшін органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлердің химиясы мен технологиясы кафедрасы С. Асфендияров ат. ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының қызметкерлерімен кездесу өткізді. "АИТВ инфекциясы – ғасыр індеті" тақырыбында 2023 жылғы 1 желтоқсанда сағат 12-00-де Е. Е. Ерғожин ат. ҒКМЗ-да. Кездесуге химия және химиялық технология, биология және биотехнология факультетінің, Экономика және бизнес Жоғары мектебінің студенттері шақырылды.

Кешке С.А. Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық университетінің доценттері, м.ғ.к. Өмешова К.А., Таирбергнова А., Джумабекова А.Т. және осы университеттің резиденттері – Усен Л., Румханова А. келді.

Кешті С.А.Асфендияров атындағы  медициналық университеттің доценті Өмешова К.А. ашып, осыдан небәрі  6-7 жыл бұрын бұл дерт Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ, Африка немесе батыс елдерінде ғана таралатын сияқты боып көрінсе, қазіргі уақытта жыл сайын елімізде 2000 адам емделмейтін ауруға ұшырайтындығы және олардың ішінде ата-анадан балаға, сондай-ақ медициналық емдеу барысында жұқтырып алғандардың бар екені айтылды. Арнайы қонақтар   бұл  індет туралы презентацияларын көрсетіп, сонымен бірге індет туралы студенттер арасында сұрақ-жауаптар, кешке қатысушылардың қызығушылығын арттыра түсті. Медицинаға жас ғылым нанотехнологияның негізінде енгізіліп жатырған көптеген тың  жаңалықтармен таныстырды. Сонымен қатар студенттер арасында қызықты ойындар да ұйымдастырылды. Шара өте қызықты және тартымды өтті. Кешке қатысушылардың бәрі белсене қатысып, өздерінің пікірлерін де ортаға салып отырды.

Шақырылған қонақтар АИВ індетінің адам ағзасында пайда болуы мен оның келесі ағзаға жұғу жолдары және аурудың алдын-алу жолдарын айтып өтті. Сондай-ақ, айтылған мәліметтерге байланысты қатысушы аудиториямен ойындар жүргізіліп, «АИВ індеті» туралы бейне таспа көрсетіліп және студенттерден сауалнама алынды.

Сауалнама нәтижелері студенттердің АИВ індетінің пайда болуы мен жұғу жолдарын тереңірек біліп және «денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние» екендігіне көз жеткізуіне үлкен дәлел болды. Студенттердің басым көпшілігі денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпей, оның қорын көбейтіп отыру керек екендігін түсінді.

Кешке шақырылған қонақтарға кездесуді ұйымдастырушы Үркімбаева П.И. өз алғысын білдіріп, еңбек жолдарына үлкен табыс тіледі және факультет атынан Алғыс хат табыстады.

Қорыта келгенде, қандай да болсын аурудың, дерттің болмауы, таралмауы қоғамға, жеке адамға, әлеуметтік жағдайларға, қоршаған ортаға байланысты. Сол себептен, «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» демекші, біз де осы қағидаларды ұстансақ, «кез-келген дертті жеңе аламыз».

Бұл шараның жасампаз жастарымызды  індет  жайында ақпарат алуда, сонымен қатар  салауатты өмір қалпын ұстануға баулуда маңызы зор болды. Әр адамзат баласының ең басты байлығы – денсаулығын қадірлеп, оны күтуге , аялауға үйретті!

 

 Уркимбаева П.И.