17.01.2024. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушылар мен қызметкерлердің қатысуымен 50-ші «Денсаулық» спартакиада өткізілуде. Бұл іс-шараға з.ғ.к., кеден, қаржы және экологиялық кафедрасының доценті Г. Т. Айгаринова тоғызқұмалақ ойынына белсене қатыстып 1 орынға ие болды.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші тоғызқұмалақ ұлттық үстел ойыны бойынша жарыстың қиын кезеңдерінде Гүлнар Төлеухадировна сенімді жеңіске жетті.
Кафедра ПОҚ ұжымы жеңімпазды осындай керемет жетістіктерімен құттықтайды, оған жұмыста мол табыс және бар жақсылықты тілейді!
8 шілде, 2025
8 шілде, 2025
8 шілде, 2025