
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ Ауғанстаннан келген тыңдаушылары қысқы демалыстарын тиімді өткізуде. Тыңдаушылар «Өлкетану» клубының аясында университетіміздің биология мұражайына барып, тамашалап қайтты. Мұражайдың аға қызметкері Жардамалиева Анар Бахытқалиқызы шетелдік тыңдаушыларды мұражаймен толық таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тыңдаушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойып, жауабын алды. Мұражай қызметкеріне өз ризашылықтарын білдірді.
Басқа жаңалықтар

18 сәуір, 2025

18 сәуір, 2025