Қытай заңнамасы бойынша мүгедектердің құқықтарын қорғау
2024 жылдың 6 ақпанында, 310 аудиторияда сағат 12.00-де Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде ««Қытай заңнамасы бойынша мүгедектердің құқықтарын қорғау» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Бұл шараның спикері аға оқытушы Карашева Ж.Т, Карашева Ж.Т. Қытай заңнамасы бойынша мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы заңына талдау жасады, әлеуметтік сақтандыру сондай ақ әлеуметтік қорғаудағы негізгі проблемаларды анықтады және мүгедектердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға жалпылама түсінік берді , практикалық ұсыныстармен бөлісті. Семинарда көтерілген негізгі мәселелер бірнеше аспектілерді қамтыды:
1 Мемлекет мүгедектерге әлеуметтік сақтандыру бойынша субсидия беріп, өміріне, біліміне, баспанасына және басқа да әлеуметтік көмектерін түрлі арналар арқылы көрсетеді. Жарамды сертификаттары бар қалалық автобустарда, метроларда және басқа да қоғамдық көліктерде тегін жүре алады.
2 Мәдени өмірлеріне келетін болсақ, Үкімет пен қоғам мүгедектерге арналған Брайль кітаптары жазуды және басып шығаруды ұйымдастырып, қолдау көрсетуі керек. Теледидар ымдау тіліндегі бағдарламаларды іске қосады, мүгедектер үшін арнайы радиобағандарды ашады, телебағдарламаларға қосуды насихаттады. Мүгедектер үшін жоспарлы түрде іс-шаралар өткізу орындарын ашу.
3 Еңбекпен яғни жұмыспен қамту. Заңды жауапкершілік. Кедергісіз орта. Әлеуметтік қамсыздандыру. Мәдени өмір. Білім беру.
Семинар бағдарламасына енгізілген негізгі мәселелер мүгедек жандар үшін тиісті шешімдерді ескере отырып, Кафедраның спикері мен профессорлық-оқытушылық құрамы мүгедектігі бар адамдарды жәрдемақымен, еңбекпен жұмыспен қамту, әлеуметтік дәрі-дәрмекпен қамсыздандыру, әлеуметтік қорғауға алу және оларды тауарлармен қамтамасыз ету керек деген тұжырымдама жасады және де сонымен қоса практикалық кеңестер мен ұсыныстармен бөлісті.
Семинар қатысушылар үшін тәжірибе алмасуға, өз пікірлерін білдіруге және мүгедектердің құқығын қорғауға, талқылауға тамаша мүмкіндік болды. Іс-шара сонымен қатар студенттер мен мұғалімдер арасындағы өзара әрекеттесуді нығайтуға, қолайлы оқу және зерттеу ортасын құруға ықпал етті.