“Гендерлік теңдік - рухани даму кепілі”
13 қаңтар, 2024

Түркітану және тіл теориясы кафедрасының “Түркітану” мамандығында білім алушы 2 курс студенттерімен бірге “Гендерлік теңдік - рухани даму кепілі” тақырыбында 13 қаңтарда дебаттық кездесу өткізілді. Іс-шарада топ екі тарапқа бөлініп, гендерлік тақырыптың ең өзекті мәселелерін ортаға салды. Дебат форматының шарттарына байланысты екі тарап өз ұстанымдары мен позицияларын нақты деректі фактілермен дәлелдеп, статистикалық мәліметтер ұсынды.