2024 жылдың 20 ақпанында, 310 аудиторияда сағат 11.00-де Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру «Кедейліктің алдын алу мақсаты. » тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Бұл шараның спикері аға оқытушы, phd докторы Асанова С.Э.
21-ғасырда миллиондаған халық әлі де кедейлікте өмір сүруге мәжбүр. Бұған қоғамда аш балалар мен нәресте өлімінің көптігін немесе өмір сүруге қолайсыз аудандарды мысал ете аламыз. Бұл аймақтарда азаматтар 1,90$-дан да аз ақшаға өмір сүруге мәжбүр (2015 жылдан бастап бұл халықаралық кедейлік шегі деп танылды. Егер күніне $ 1.90-нан аз өмір сүруге тура келсе, бұл өте кедейшілік б.т). Осыған байланысты әлем көшбасшылары 2030-жылға дейін тақыр кедейшілік болмау керек деп бір межені белгіледі. Бірақ, қалай құтыламыз?
Әрине, бұл сұраққа бір ғана жауаппен шектеле алмаймыз. Әлемдік кедейліктің көбейген заманында біз жан-жақты жауап іздеп көрдік. Бұл мақалада осы мәселенің ауқымын, туындау себебін және шешу жолдарын қарастырамыз.Кедейлік өлшемін есептеу кедей елдер үшін жылдан жылға қиындай түсуде. Төлемақы деректері жоқ жерлерде, қымбат та қиын ауқымды сауалдарға жүгінуіңізге тура келеді. Сонымен қатар, мемлекеттер кедейлікті зерттеу барысында әртүрлі әдістерді қолданады, сол себепті де, мемлекеттер арасындағы сандарды салыстыру қиындық тудырады.Қолжетімді деректердің болмауы бұл мәселені одан да қиындата түседі. Бізге кедейлік тенденциясын бақылау үшін көптеген дамушы елдердің деректері жеткіліксіз. Жақсы сауалнама мен нақты деректерді жинаған күннің өзінде, цифрлар жауап бере алмайтын сауалдар қалып қояды. Мысалы, сіз әлі де өзіңіздің сауалнамаңыздың барлық өте кедей адамдарды қамтығанын, не болмаса ол кедей адамдар бұрыннан бері кедей ма әлде сауалнама кезінде ғана кедейлікке душар болды ма, не болмаса кедей отбасылардың барлық мүшесі бәрі бірдей кедей ме екенін біле алмайсыз. «Кедейлік тек ақшамен өлшене ма? Ақшаңыз бола тұра, ауруханалар мен мектептер болмаса қайда барасыз?»-деген сұрақтарға келгенде кедейліктің мұндай аспектілерін зерттеу тіпті қиын-ақ. Сондықтан көрсеткіш сызығының соңғы ондық нүктелеріне дейін ол жерде кедейліктің төмендегенін біле алмаймыз. Десе де жалпы тенденциялардан тұжырымдар жасай аламыз. Мысалға соңғы он жылда Оңтүстік Америкада кедейлік деңгейі төмендеді.
Семинар қатысушылар үшін тәжірибе алмасуға, өз пікірлерін білдіруге және мүгедектердің құқығын қорғауға, талқылауға тамаша мүмкіндік болды. Іс-шара сонымен қатар студенттер мен мұғалімдер арасындағы өзара әрекеттесуді нығайтуға, қолайлы оқу және зерттеу ортасын құруға ықпал етті.