Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Зерттеу университетін дамытудың заманауи тенденциялары» сарапшылық-стратегиялық сессиясы өтті.

22 ақпан, 2024

Академиялық мәселелер жөніндегі Департамент Университеттің мерейтойына орай сараптамалық қоғамдастыққа арнап 2020 жылға дейінгі 52 жыл бойы ЖОО-да өткізіліп келген жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияның жаңартылған форматын ұсынды.

Қайта жаңғырған конференцияның тұжырымдамалық жаңа форматының міндеті – сараптамалық стратегиялық сессияның – тұрақты және шабыттандыратын білім беру ортасын қалыптастыру үшін ғылым мен білім беруді интеграциялау бойынша идеялармен және үздік тәжірибелермен алмасу.

2024 жылғы сараптамалық сессияның мақсаты – зерттеу университетінде білім беруді дамытудың негізгі драйвері ретінде ғылым болып табылатын білім беру стратегиясын әзірлеу.

Пленарлық отырыста сараптамалық стратегиялық сессияның ашылуына орай сөз сөйлегендер:

Рысгуль Кудретуллаева, ҚР ҒжЖБМ ЖжЖООКБК-нің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұны басқармасының басшысы;

Лаззат Калымбековна, Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор;

Фан Сяоли, профессор, Біріккен білім беру мектебіне қарасты Королева Марияның Лондондық университетінің инженерлік мектеп деканы, есептеу материалдары саласы бойынша ғалым (Ұлыбритания);

Олжас Сакенов, ҒжЖБМ-нің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытудың ұлттық орталығы «Мамандығым-болашағым» жобалық тобының жетекшісі;

Марина Скиба, Торайғыров Университетінің академиялық артықшылық орталығы басшысының м. а., European Training Foundation (ETF) амбассадоры, Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының сарапшысы;

Юрий Чехович, «Антиплагиат» компаниясының атқарушы директоры (Ресей);

Талантбек Курманбек уулу, И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры (Қырғызстан);

Елена Чайко, Рига техникалық университетінің жетекші зерттеушісі, профессор, MТAҚ (машиналық талдаудың аспаптық құралдары) кәсіби бакалаврлық бағдарламасының Ақпараттық жүйелер директоры (Латвия)

Гульнар Мухамбетова, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүйке аурулары кафедрасының профессоры;

Ирина Ефимова, Германияның Орталық Азиядағы ASIIN аккредиттеу агенттігінің өкілі, Еуропа Кеңесінің білім беру саясаты жөніндегі кеңесшілерінің Еуропалық желісі (EPAN) мүшесі, EUA институционалдық бағалау Бағдарламасының сарапшысы;

Камила Роллан, PhD, SDU University Оқу-әдістемелік орталығының инклюзивті білім беру бойынша жетекші маманы.

Ғылыми-әдістемелік іс-шара аясында панельдік сараптамалық сессиялар өткізілді:

  1. Зерттеу университетінің білім беру бағдарламаларын жобалау: мәселелері мен келешегі;
  2. Білім берудің цифрлық трансформациясы;
  3. Оқыту мен білім берудің инновациялық технологиялары;
  4. Инклюзивті білім беру;
  5. Оқыту мен білім беру сапасы: оқытушының рөлін трансформациялау.

Панельдік сессиялардың жұмысына Nazarbayev University; SDU University; Солтүстік-Батыс политехникалық университеті мектептерінің (Сиань қ., Қытай); Microsoft компаниясының - EdTесн, Labster, 10Тech және басқа да компаниялардың өкілдері; Қазақстанның жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысты.

Сараптамалық стратегиялық сессияның қорытындысы бойынша «Қазақ университеті» баспа үйінен «Зерттеу университетін дамытудың заманауи трендтері» атты мақалалар жинағын жариялау жоспарлануда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мерейтойына орай Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласы үшін маңызды саналатын қайта жаңғырған сарапшылардың ғылыми-әдістемелік форумы жыл сайын өткізілетін болады.