Зерттеу университетін дамытудың заманауи трендтері

22 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 2024 жылдың 21 ақпанында «Зерттеу университетін дамытудың заманауи трендтері» атты сараптамалық стратегиялық сессиясы өтті. Бұл стратегиялық дамыту сессиясына ЭБЖМ экономика кафедрасының оқытушылары да қатысты. Зерттеу университетінің білім беруді дамытудың заманауи трендтері ретінде  білім беру бағдарламаларын жобалау, цифрлық трансформциясы, инновациялық технологияларымен оқыту, білім беру сапасына бейімдеу міндеттері талқыланды.

Білім беру аясында сұранысқа ие маман иелерін кәсіби қауымдастық жүйесімен  интеграциялау қажеттіліктері бағаланды. Зерттеу университетінің цифрлық трансформациялау стратегиясына сәйкес білім алушыларды тиімді және қолжетімді оқытуды қамтамасыз ету жолдары айқындалды. Білім алушылардың білім беру процесіне белсенді қатысуына ықпал ететін білім берудің инновациялық әдістерін енгізу туралы тұжырамдама жасалды. Жаңа технологияларды қолданудың заманауи білім беру трендтері, оқытушылардың жаңа рөлі мен функцияларын анықтау, сондай-ақ зерттеу қызметінде оқытушылық белсенділікті ынталандыру мәселелері көтерілді.

Статегиялық даму жолдары ретінде жоғары білім беру жүйесі цифрлық трансформациясының зерттеу университетінің білім беру стратегиясына әсері анықталды, жоғары білім беруді басқаруда Жасанды Интеллекттіні қолданудың заманауи тәсілдеріне шолу жасалды және де халықаралық рейтингтер контекстіндегі бизнес пен ғылыми қызметкерлер арасындағы ынтымақтастықтың рөлі айқындалды, бұл 9 ТДМ және 17 ТДМ әске асырылуын қамтамасыз етеді.

Елімізде  тұрақты даму мақсатының аясында сапалы білім (4 ТДМ) беруді қамтамасыз ету үшін  жоғары технологиялық  және технологиясыз тәсілдерді пайдалана отырып, инновациялық контекстке негізделген қашықтықтан оқыту шешімдерін жұмылдыруда.  Сапалы білім алу халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудың негізін қалайды және кедейліктен шығу жолына жетуде басты рөл атқарады (1 ТДМ). Сондықтан білім теңсіздікті азайтып теңдікке қол жеткізуге көмектеседі,   адамдардың салауатты және тұрақты өмір сүру мүмкіндіктерін кеңейтеді (3 ТДМ), бейбіт қоғамдардың қалыптасуына ықпал етуде (16 ТДМ) маңызды рөл атқарады.