“Есірткіге-жол жоқ” атты іс шара

22.02.2024 күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті 126 аудиторияда PhD Мұқан Нұрзаттың 2-курс дінтану бөлімі студенттерімен ұйымдастырылған “Есірткіге-жол жоқ” атты іс шара өткізілді. Аталған іс шарада , бүгінгі кездегі, бір елді ғана емес, әлемді жайлаған есірткі мәселесі өршіп тұрғанын, оған қарсы күрес жүргізу үшін дүние жүзі мемлекеттері аянып қалып жатқан жоқ! Соның ішінде Қазақстан да есірткіге қарсы күресте мемлекеттік саясат жүргізіп, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің бағдарламасын іске асыруда. Сонымен қатар, Қазақстан есірткі саудасымен күресте көршілес Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей сияқты мемлекеттермен және халықаралық қауымдастықпен тізе қосып әрекет етіп жатқаны туралы сөз қозғалды. Себебі есірткі саудасын тоқтату немесе азайтуға бір ғана мемлекеттің әлеуеті жетпейтіні анық!
Басқа жаңалықтар

