«Шикізатты қайта өңдеу - әлемдік экономиканың қозғаушы күші»

19 ақпан, 2024

ҚазҰУ-нің Биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында «Шикізатты қайта өңдеу - әлемдік экономиканың қозғаушы күші» тақырыбы бойынша тәрбиелік іс-шара өткізілді!

Тұрақты даму мақсаттары - кедейлік пен қасіретті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұруға, Жер шарын қорғауға және барлық адамдар үшін бейбітшілік пен гүлденуді қамтамасыз етуге бағытталған жаһандық деңгейде қабылданған мақсаттар болып табылады.

Тұрақты дамудың «Жауапты тұтыну және өндіріс» атты 12 мақсатына сәйкес, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының «Биология – 6В05102» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері эдвайзері Е.Г. Запаринамен бірге 2024 жылдың 19 ақпанында арнайы әлеуметтік-қайырымдылық жинау орындары «Тепло» экожобасына киім-кешектерді өткізіп қайтты.

Шикізатты қайта өңдеу әлемді экологиялық проблемалардан құтқарады, атап айтқанда: табиғи ресурстарды тұтынуды азайтады және қоршаған ортаға әсерді азайтуға, биоәртүрлілік пен экожүйені сақтауға ықпал етеді. Сондай-ақ қалдықтардың азаюы, парниктік газдар ағының азаюы, жұмыс орындарының ашылуы және халық арасында экологиялық мәдениеттің қалыптасуы байқалады.

Бұл іс-шара студенттерге, яғни бізге, экологиялық тұрақты қоғам құруға белсенді қатысуға ғана емес, сонымен қатар тұрақты тұтыну мен өндіріс үлгілеріне көшудің маңыздылығына назар аударуға мүмкіндік берді.

Тәрбиелік іс-шараға жауапты:

Запарина Елена Геннадьевна, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедарсының оқытушысы

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz