ТДМ 8: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес"
20 ақпан, 2024

2024 жылдың 20 ақпанында "Шетел филологиясы және аударма ісі" кафедрасы "Аударма ісі" мамандығының үшінші курс студенттері ТДМ 8 аясында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" атты іс-шара өткізді.
Іс-шараға 12 студент ат салысты. Әкімжан Анель «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы» оқып берді. Барлығы белсенділік танытып, дисскусияға қатысты. Дөңгелек үстелден соң әрбір студент болашақта сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтіндігін айтты.