2024 жылдың 27 ақпанында, 310 аудиторияда сағат 11.00-де Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру «Дискриминацияға жол бермеу. » тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Бұл шараның спикері аға оқытушы, phd докторы Асанова С.Э.
Дискриминация — күрделі құбылыс. Оның әлеуметтік, экономикалық және саяси деген түрлері бар. Әлеуметтік дискриминацияны алсақ, қазақ қоғамындағы дәстүр, наным-сенім және таптаурындар түрінде өмір сүруді айтамыз. «Әйел ерден төмен тұрады» деген түсінік те гендерлік, әлеуметтік дискриминацияға негіз. «Ана тілін білмейді» деп бөлу, этникалық ерекшелігіне қарай адамды алалау да кездеседі. Қордайдағы дүнгендер мәселесін де айтуға болады. Дискриминацияның заңдастырылған түрі де бар. Мысалы, кей мемлекетте аз топ өкілдеріне қатысты дискриминация заңдары болды. Кеңес одағында гомосексуалдарды қудалады, сондықтан олар өзін таныстыруға, ориентациясы жайлы ашық айтуға қорқып, оны жасыруға мәжбүр болды. Фашистік Германия кезіндегі еврейлердің қудалануы сияқты заңдастырылған дискриминацияға тарихтан мысал көп.
Әсіресе аз топқа бағытталған кереғар ұстаным сол топ өкіліне азамат ретінде танылуға бөгет жасайды. Бұл тұлғаға азамат деп емес, қандай да бір ортаға тиесілі адам ретінде қарауға, бағалауға апарады. Соған сай оны шеттету, алалау болады. Сондықтан да дискрмининациямен, әсіресе оның адам өміріне, денсаулығына қауіпті түрімен күресу өте маңызды, — дейді маман.
Семинар қатысушылар үшін тәжірибе алмасуға, өз пікірлерін білдіруге және мүгедектердің құқығын қорғауға, талқылауға тамаша мүмкіндік болды. Іс-шара сонымен қатар студенттер мен мұғалімдер арасындағы өзара әрекеттесуді нығайтуға, қолайлы оқу және зерттеу ортасын құруға ықпал етті.