"Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі: ынтымақтастықтың негізгі бағыттары және жастардың рөлі" конференциясы

1 наурыз, 2024

2024 жылдың 1 наурызында, жұма күні БҰҰ Плазада Алматы қаласындағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаменті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетіндегі БҰҰ туралы ақпарат беретін академиялық аймақтық ресурстық орталықпен бірлесіп, Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға кіруінің 32 жылдығына арналған "Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі: ынтымақтастықтың негізгі бағыттары және жастардың рөлі" атты студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық конференция өткізді.

Конференцияға Алматы қаласының түрлі жоғары оқу орындарының, соның ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, "Нархоз", "Тұран" және "КИМЭП"студенттері қатысты.

Халықаралық конференцияның модераторлары ретінде Алматыдағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек және халықаралық қатынастар факультетінің деканы, БҰҰ туралы ақпарат беретін академиялық аймақтық ресурстық орталығының директоры Деловарова Лейла Федоровна сөз сөйледі.

Іс-шараға құрметті қонақ ретінде дипломат, КИМЭП оқытушысы, халықаралық қатынастар кафедрасының Бақылау кеңесінің мүшесі, @diplomatika_ TikTok арнасының авторы және жүргізушісі Адлет Кумар қатысты.

Студенттер өз презентацияларында Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің маңыздылығы, Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болған жылдарындағы жетістіктері және жастардың жаңа халықаралық жағдайдағы рөлі сияқты тақырыптарды қозғады.

Тұрақты дамудың барлық мақсаттарын қолдай отырып, осы атаулы күнде басты назар 4 "Сапалы білім беру" және 17 "Тұрақты даму үшін серіктестік" мақсатына аударылды.