2024 жылғы 1 наурызда «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Алғыс айту – асыл қасиет» атты іс-шара өтті. Ашық тәрбие сағатына педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасының меңгерушісі Н.С.Әлқожаева, оқытушылар – Ә.М.Құдайбергенова, К.А.Есенова, Э.Т.Баярыстанова, А.А. Масимбаева «Педагогика және психология» мамандығының студенттері, магистранттар қатысты.
Іс-шара барысында студенттер ұстаздарына деген шексіз алғыстарын өлең мен күй арқылы жеткізді. Өз кезегінде, кафедра меңгерушісі Н.С.Әлқожаева қатысушыларды көктеммен бірге келген жарқын мереке – Алғыс айту күнімен құттықтап, студенттерге және олардың ата-аналарына алғысын білдірді. «Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын!» - деп аяқтады сөзін ол.
Басқа жаңалықтар

