Чан Бенг СУН:Студенттер Корей елі тарихымен танысуға мүмкіндік алды

12 наурыз, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси­теті Корея халқының шетелдік серіктестері­мен кең ауқымды бай­ланыстар орнатуда. Негізгі ынтымақтастық бағыттар – ғылым, бі­­лім, мәдениет бойын­ша жүзеге асырылмақ. Осы орайда, Корея Рес­публикасынан кел­­ген, шығыстану фа­куль­теті Қиыр Шығыс кафедрасының доценті Чан Бенг Сунды әңгі­меге тарттық. 

Чан Бенг Сун – Ханяңг уни­вер­ситетінің мәдени антропо­ло­гия бакалавры, Донгук уни­вер­ситетінің менеджмент ма­гистрі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті фи­ло­софия және саясаттану фа­культеті саяси ғылымдар кан­ди­даты. Мансап жолындағы тә­жірибесі өте мол. Мәселен, Сеул қаласындағы Азия мәсе­ле­лері институтының дирек­то­ры, Мәскеу қаласындағы «IT.com» компаниясының бас ди­рек­торы, Корея Респуб­ли­ка­сында «Tongnamunara.com» ком­паниясының бас директоры атанған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ко­рейтану кафедрасында аға оқытушы болды. Ұзақ жылдар бойына Орталық Азиядағы «Бір Азия» клубының директоры мансабын абыроймен атқарды. Жапониядағы Еуразия қоры­ның қолдауымен жүзеге асқан «Еу­ра­зия» халықаралық ғы­лы­ми жобасының директоры т.б. қыз­меттерін атқарған. 2007 жылдан қазіргі уақытқа дейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасының доценті.

– Қазақстанға алғаш рет 1993 жылы келгенмін. Әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситетінің философия жә­не саясаттану факультетіне ас­пи­рантураға түсіп, 2011 жы­лы сая­си ғылымдар кан­ди­да­ты атан­дым.

2007 жылы университетіміз­дің шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс (корейтану) ка­фе­драсында студенттерге са­бақ бере бастадым. 2007 жы­лы осы университетте қыз­метке кіріс­кен­нен бері барлығы жиыр­ма университетпен, со­ның ішінде Сеул ұлттық универ­си­теті, Йонсэ университеті, Коре уни­верситеті, Ханьян уни­вер­ситеті, Донггук универ­си­теті, Кукмин университеті, Сунгшил универ­си­теті, Хонгик университеті, Со­ганг универ­си­теті және Кон­кук универ­си­теттерімен ҚазҰУ арасында байланыс орнатуға үлес қосып, септігімізді тигізуге тырыстық. Меморандумға қол қою ар­қылы корей бөлімі сту­денттері Корея университет­те­рінде тіл жетілдіріп, сол елдің мәдениеті мен тарихымен та­ны­суға көп мүмкіндіктер алды, – деді Чан Бенг Сун.

Доценттің айтуынша, 2013 жыл­дан осы уақытқа дейін бар­лығы 300-ге жуық ҚазҰУ ма­гис­транттары мен докто­рант­тары Кореяның Донггук және Ханьян университетіне оқуға және жазғы мектепке жіберіл­ген.

– Сонымен қатар корейтану бөлімінің 70-ке жуық студенті Кореяның Ұлттық стипендия­лық бағдарламасы бойынша (KGSP) магистратура және док­торантурасына ұсынылып, қа­былданды. Ал 2012 жылы Жа­понияның «Еуразия» қо­ры­ның қолдауымен халық­аралық «Еуразия» жобасы ҚазҰУ университетінде өз жалғасын тауып, он жыл бойы жоба ди­рек­торы ретінде қызмет ат­қар­дым. Бұл жоба аясында Ко­рея­дан және дүниежүзінен 30-ға жуық профессор, Қазақ­стан­нан 100-ден астам профессор дәріс оқуға шақырылды, – дей келе, ұстаз жарияланымдары мен еңбектерін атап өтті.

«COVID-19 дағдарысы кезін­дегі қазақстандық жоғары оқу орындарындағы ұйымдас­ты­рушылық мәдениет және әлеу­мет­тік ахуал» тақырыбында Қа­зақ ұлттық университетінде зерттеу жүргізген. Аталмыш зерт­теу Америка Құрама Штат­тарының Философиялық құ­жат­тама орталығында жа­рия­ланған. Одан бөлек, «Им­пе­риа­листік корей мәдени объек­ті­лері жинағының әсері», «Эт­ни­калық бірегейлікті қал­пы­на келтірудің мәдени сая­са­ты», «Өзін-өзі танудағы инно­ва­циялар» т.б. индекстелген ха­лықаралық журналдарда ма­қа­лалары жарияланған. «ХХ ға­сырдың аяғы мен ХХІ ға­сыр­дың басындағы Қытайдың Ор­та­лық Азиядағы стратегиясы», «Корей-орыс аудармасы: ма­ңыз­ды мәдени мұра» т.б. кітап­тары жарық көрген.

Халықаралық «Еуразия» жо­ба­сы аясында Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситеті атынан көптеген бі­лім ордала­рын­да дәрістер оқыды: Мадрид­тің Комплютенс университетінің гуманитарлық факультеті, Ис­па­ния; Бургос университеті, Ис­па­ния; Донг­гук университеті, Сеул; Хило уни­верситеті, Гавайи, АҚШ; Сеул­дегі Ихва әйелдер уни­вер­ситеті; Ұлттық ғылым және технология университеті, Сеул; Пучон университеті, Таш­кент т.б. және Қазақстанның бір­не­ше жоғары оқу орындарында сту­денттермен жүздесіп, тәжі­рибе алмасқан.

Нұрбек НҰРЖАНҰЛЫ