Ұлттар достастығы мерекесі

11 наурыз, 2024

2024 жылдың 11 науырызында  « Халықтар достастығы » мерекесіне орай  Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің «Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма ісі» мамандығының 1 курс студенттерімен өткен кураторлық сағатта студенттер презентация, қызықты деректері бар викторина дайындап, Kahoot платформасы арқылы білім марафонын өткізді.

Көктемнің екінші апталығының, дүйсенбі күні тойланатын бұл мереке “Ұлттар достастығы” атауына ие. «Ұлттар достастығы» терминін 1884 жылы Либералдық партияның Ұлыбритания премьер-министрі лорд Розберри енгізді. Бұл мерекенің іргетасы 1946 жылы Лондон қаласында қаланды. Бүгін де, әлемнің 56 мемлекеті 11 наурызды ерекше атап өтеді. 1926 жылғы Ұлыбритания мен Британдық доминиондардың премьер-министрлерінің конференциясында Бальфур декларациясы қабылданды, онда Ұлыбритания мен доминиондар бұл мемлекеттердің «тең мәртебеге ие және олардың ішкі немесе британдық доминиондарының ешбір аспектісінде бір-біріне тәуелді емес сыртқы саясат, оларды  ортақ адалдыққа ие» деп мойындады. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін британдық иеліктердегі ұлт-азаттық қозғалыстардың күшеюінен және британ үкіметінің қаржылық қиындықтарынан туындаған Британ империясының ыдырауы басталды. 1946 жылдан бастап «Британ Достастығы» жай ғана «Достастық» деп аталады. Сонымен қатар, ұйымға мүше мемлекеттер әр 4 жыл сайын олимпиядалық ойындар өткізіп, жеңімпаз мемлекетті тағайындайды. Достастыққа кіретін мемлекеттер елші дәрежесі бар Жоғарғы Комиссарлар арқылы бір-бірімен қарапайым дипломатиялық қарым-қатынаста болады. Достастық мемлекеттері мен басқа елдер арасындағы дипломатиялық қатынастар әдеттегідей жүзеге асырылады. Осы орайда, Қазақстанның атынан елшілікті атқаратын аудармашылар Бейсембай Кенжебаеав пен Бөпежан Әлия Қаһарманқызының есімдері аталды.

   Қорытындылай келе, Ұлттар достастығы мерекесі әлем бойынша тойланып, мемлекеттер арасындағы бейбітшілік пен дипломатиялық келісімді нығайтуда маңызды рөл атқаратынын аңғардық. Студенттер үшін дипломатиялық қатынастар мен қазақ аудармашыларының маңызын көрсете отырып, болашақта атқаратын саласы бойынша бағыт-бағдар көрсетілді.                                                                                            

     Топ эдвайзері: Смагулова А.С.