ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ» ТДМ 3. ЖАҚСЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛ-АУҚАТ

4 желтоқсан, 2023

4-желтоқсан күні «География және табиғатты пайдалану» факультетінің «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының оқытушысы Ерекеева Светлана Журсинбековна және инфекционист дәрігер Ордабаева Толкынай Бериковнамен бірге БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында ТДМ 3. Жақсы денсаулық және әл-ауқат «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты өзекті тақырыпта ашық куратор-эдвайзерлік сағатын өткізді. Ұйымдастырылған іс-шараға «География және табиғатты пайдалану» факультетінің «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының 6B11201-«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі», 6B05202-«Экология» және 6B11202-«Экологиялық инженерия» білім беру бағдарламасының 3-4 курс топтарының студенттері, cонымен қатар 6B07303-«Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының 2 курс топтарының студенттеріде қатысты.

Атап өту керек, ашық куратор-эдвайзерлік сағат Тұрақты даму мақсаттарының ТМД 3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» мақсатына сәйкес өткізілді. Топтың кураторы Тұрақты даму мақсаттарын, оның аясындағы түрлі міндеттері мен индикаторларын жете түсіндірді. Қазақстанда Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға тарту және жоғары ілгерілету мақсатында жетілдіру шараларын баяндады.

Инфекционист дәрігер Ордабаева Толкынай Бериковна жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмаудың, қызылшаның және т.с.с. аурулардың алдын алу проблемасы қазіргі уақыттағы аурушаңдықтың ерекше жоғары деңгейін ескере отырып, өте өзекті болып саналады. ЖРВИ және тұмау, қызылша жұқтырғандар мен ауырғандар санының өсуі әдетте маусымдық эпидемия сипатына ие. Адам өмірінің әртүрлі аспектілерін дамытудың және белсенді ұзақ өмір сүруге қол жеткізудің ең маңызды алғышарты салауатты өмір салтын сақтау, адамдардың денсаулығы көп жағдайда (50%) өмір салтына байланысты, сондықтан мақсатқа әл-ауқат сияқты ұғым да кіретіндігін, салауатты өмір сүрудің тағы бір маңызды шарты – білім және мәдениет деңгейі, ол бүгінде әрқайсысына қажетті белгілі бір гигиеналық және медициналық сауаттылық пен тәрбие береді. Дәл осы білім мен біршама дайындық денсаулық пен ұзақ өмір сүруге байланысты барлық басқа факторларды тиімді бақылауға мүмкіндік беретінін баяндады.

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының доценті Жантеева Г.Е. жер шарындағы әрбір адам қызықты әрі толыққанды өмір сүргісі келеді: қоғамда өз орнын тауып, мамандық бойынша өзін-өзі танытқысы келеді, қоғамдық, отбасылық және бос уақытты өткізуге қатысқысы келеді. Сондықтан, жақсы денсаулық – тұрақты даму үшін өте маңызды және күн тәртібінде олардың күрделілігі мен өзара байланысты, ол өсіп келе жатқан экономикалық және әлеуметтік теңсіздікті, жылдам урбанизацияны, климат пен қоршаған ортаға қауіп-қатерлерді ескеретіндігін, денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту ТДМ 3-ке қол жеткізудің ажырамас бөлігі екендігін баяндады.

Студенттер қазіргі таңдағы тамақтану мәселесі, салауатты өмір салтын қалай жүргізу керектігі жайлы түсіндірді. Өткізілген ашық куратор-эдвайзерлік сағатты қорытындылай келе Тұрақты даму мақсаттары БҰҰ-ның ғана мақсаттары емес, бұл әлемнің мақсаттары, осы ретте «Бірлік бар жерде - тірлік бар» деген нақыл сөзге сүйене отырып, жақсырақ және тұрақты болашаққа қол жеткізудің жоспарын бірге жүзеге асырайық.