«Тұрақты даму мақсаттары» жобасы аясында «Темекінің тауқыметі» тақырыбында семинар өтті.

26 наурыз, 2024

25.03.2024 жылы Түрксой кафедрасының «Шетел филологиясы» мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Тұрақты даму мақсаттары» жобасы аясында «Темекінің тауқыметі» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты - қазіргі таңда жастар арасында темегі шегу үдерісінің күшейуіне тосқауыл қою және оның электронды вариантының асқынып бара жатуын шешу және жедел ақпараттармен бөлісу болып табылады. Соңғы кезде мұндай үрдістің қазақ жастары үшін тым қауіпті екендігі байқалады және жалпықоғамдық салауатты өмірдің ілгерлеуіне кедергі келтіруде. Әсіресе, Алматы жастарының темекі шегуге деген әуестігі жоғары болып отыр. Бұл жастардың темекі тауарына деген қызығушылығы ма, жоқ әлде насихаттың аздығы ма, яки темекі жарнамасының шектен тыс көбейіп кетуінен бе?! Мұндай сұрақ жастарды ойландыруы керек! Осы темекі тауқіметінің алдын алу туралы студенттер арасында талқылаулар жүргізілді.

3 курс студенті Асан Анардың «Темекі тауқыметі» тақырыбында дайындаған слайдтық баяндамасы осы темекі өнімінің өсіп бара жатқандығы және оның қоғамдық дамуға тигізіп отырған кесапаттарын атап өтті. Баяндамашының пікірінше Қазақстан халқының 30%-ы, яғни 4.8 миллион адам темекі шегуге тәуелді. Осылардың 1 миллионы әйел заты, яғни қыз-келіншектер. Ал оның 120 мыңы 13-15 жас аралығындағы жасөспірім қыздар екен. Әрине статистикалық мәліметтерді әрі қарай майдалай берсек, қорқынышты сандардың шыға беретіндігі тағы бар.

Жалпы, темекінің адам ағзасына тигізер зияны туралы айтылып жатса да, жас буынның оған назар аударып жатқаны шамалы. Керісінше, электроникалық темекінің пайда болғандығы темекі шегушілердің қызығушылығын арттырып, мектеп оқушыларының да темекіге әуестігін жоғарлатуда. Бұл - біздің қоғамымымыз үшін өте қауіпті тенденцины құрап отыр. Аталмыш мәселе депутаттардың да назарын өзіне аударып, заңдық тұрғыда шешу мәселесін күн тәртібіне қойды. Бұл -  қазақ қоғамының темекі тауқыметіне қарсы ірі акциясы дер едік деді Асан Анар.

Задында аталмыш семинардың жастар үшін пайдасы мол болмақ. Темекінің зияны мен қатерін әлі талай мінберлерде айтатын боламыз. Оларды шешудің жаңа әдістерін де қолданатын боламыз. Ол үшін қазақ жастарының қоғамдық салауатын арттыру қажет.

Тақырыпты студент жастар таласқа салып, түрлі шешім жолдарын ұсынды. Семинар өте пайдалы ақпараттар жағдайында өтті.

 

Куратор-эдвайзерлер Әбелдаев Ж.Ә., Назарова А.Ж., Шуиншина-Мета Н.М.