Айнұр Сайлаубайқызы Көпбасарова

4 сәуір, 2024

Айнұр Сайлаубайқызы Көпбасарова атақты продюсерҚазақ ұлттық опера және балет театрының директоры

Айнұр Сайлаубайқызы 1995-1996 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да магистратурада, ал 1996-1999 жылдары аспирантурада оқып, 1999 жылы "Абайдың лирикалық өлеңдерінің бейнелілігі және оның орыс тіліне аударудағы көркем табиғаты" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. Ғылыми жетекшілер Жанғара Дәдебаев және Зейнолла Қабдолов.

Ол өзінің еңбек жолын 1999 жылдан Азаматтық авиация академиясында кафедра оқытушысы болып бастады. 2000 ж. – Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың көркем аударма және әдеби шығармашылық теориясы кафедрасының оқытушысы; сонымен қатар 2000-2010 ж. Аралығында  «Хабар» телеарнасының бас редакторы, продюсері, көптеген жобаның авторы; 2010 жылдан бері «А+А Idea fabric» ЖШС-нің бас продюсері әрі креативті директоры; «Bolashak Charity» қамқоршылар кеңесінің мүшесі;
Түркістан музыкалық драма театрының директоры болды. Қазіргі таңда Қазақ ұлттық опера және балет театрының директорының м.а. қызметін атқаруда.

Айнұр Сайлаубайқызының фильмографиясы «Я тебя люблю» фильмі мен «Армандастар» сериалын қамтиды. Сонымен қатар, 2017 жылы өткен 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада сынды бірқатар зияткерлік меншіктің ресми авторлық құқық иесі, ашылу және жабылу салтанаттарының сценарий авторы. Мəскеу қаласында, «Современник» театрының сахнасында қойылған "Фариза" спектаклінің авторлық құқық иесі, идея авторы, со-режиссері, «Star of Аsia» халықаралық фестивалінің Бас продюсері  болған.

Айнұр Сайлаубайқызы білім жəне ғылымға, ақпарат салаларына сіңірген еңбегіне, отандық кино жəне театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін көптеген марапаттар алған:

  • «Құрмет» орденінің кавалері;
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің алғыс хаты.
  • «Қазақстан Тəуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі
  • “Түркістан облысына сіңірген еңбегі үшін” медалі
  • «ҚР мəдениет саласының үздігі» медалі;

 

 

 

Басқа жаңалықтар