«Үздік жас ғалым»

6 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасыректоры. Жансейіт Түймебаев Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында университеттің жас ғалымдарымен кездесу өткізді. Медицина және денсаулық сақтау факультетінің іргелі медицина кафедрасының аға оқытушысы Мәлік Ажар Мәлікқызы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Үздік жас ғалым» байқауының жеңімпазы атанды.

 

Мәлік Ажар Мәлікқызы – жас ғалым, микробиолог, биотехнолог. Ажар Мәлікқызы 2016 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Биотехнология» мамандығын аяқтап, магистратурада (2016-2018) және докторантурада (2019-2022) оқуын жалғастырды. Сонымен қатар, Мәлік А.М. 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында ТМД елдерінің «Үздік жас ғалым-2020» конкурсының жеңімпазы атанды. Бүгінгі таңда Ажар ғылымда жас ғалым болғанымен, 50-ден астам ғылыми еңбектің, 2 монографияның, Scopus деректер базасында индексацияланатын 3 мақаланың (Q1-2, Q2-1), Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған 30 мақаланың авторы, 15 – халықаралық деңгейдегі ғылыми конференциялар, семинарлар, симпозиумдар материалдарында жарияланған тезистер, 5 – республикалық деңгейдегі ғылыми конференциялар, семинарлар, симпозиумдар материалдарында жарияланған тезистер, сонымен қатар өнертабысқа 1 патенті бар, 1 пайдалы модельге патент және 1 авторлық куәлік. Жас ғалым қазіргі таңда ғылыммен белсенді айналысады.

Мәлік А. М. өзінің ұстаздық қызметінде студенттердің практикалық дағдылары мен дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Мәлік А.М. 6 жылдан астам ғылыми-педагогикалық тәжірибесі бар. Әртүрлі ғылыми жобаларға қатысты: «Қайта өңделмеген және тыйым салынған пестицидтердің Алматы облысы тұрғындарының генетикалық жағдайы мен денсаулығына әсерін кешенді бағалау: пестицидтерді көму орындарына іргелес аумақтың микробтық алуантүрлілігін анықтау, тұрақты органикалық қосылыстарды деградациялайтын микроорганизмдерді скринингтен өткізу» (2018-2020 жж.), «Тотықтанған қоңыр көмір және зоомикробтық консорциум негізінде жоғары белсенді «биогумус-плюс» препаратын алу биотехнологиясын дамыту» (2019-2020), «Экологиялық таза өнім өндіру биотехнологиясын дамыту, Ленгір көмір кен орнындағы қоңыр көмір негізіндегі түтінсіз брикеттелген отын және отын энергиясын тиімді пайдалану үшін сурфактант синтездеуші микроорганизмдер скринигтеу» (2019-2020 ж.ж.), «Сүт сарысуы және өсімдік шикізаты негізінде жемдік белоктық препараттар алуда ашытқы консорциумдарын құру» 2020-2021), «Иммобилизацияланған ашытқы жасушаларын пайдалана отырып, сарысуды үздіксіз ашыту арқылы биоэтанол өндіру» (2021-2023 жж.), Хлорорганикалық пестицидтермен ластанған топырақтарды биоремедиациялау үшін штамм-деструкторлар негізінде консорциум құру (2023-2026 жж.) .