«Лингвистикалық болжау орталығы» тіл үйірмесі
                        6 наурыз, 2024                    
                 
                «Лингвистикалық болжау орталығы» тіл үйірмесін А. Байтұрсынұлы ат. Қазақ тіл білімі кафедрасы 2009 жылдан жұмыс істейді. Ғылыми жетекшісі Дина Алкебаева ф. ғ. д.. Қазақ тіл білімі кафедрасы С туденттік клубтың негізгі мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, жан-жақты және үйлесімді тұлғалық дамуы, студенттердің шығармашылық әлеуетін белсендіру үшін оңтайлы жағдай жасау. Сондай-ақ мұндай үйірмелер – студенттердің сабақтан тыс өмірін әртараптандыру, олардың жеке дамуына ынталандыру, университетішілік мәдениет пен белсенді қоғамдық іс-әрекеттерге баулу , ғылыми мақалалар жазуға үйрету.
 
         
                                 
                                