«ФАРАБИ ӘЛЕМІ»: докторанттардың әдістемелік семинары
2024 жылдың 4 сәуірінде университетте болып жатқан студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» Халықаралық ғылыми конференциясы аясында философия және саясаттану факультетінде психология мамандығы докторантарымен әдіснамалық семинар өтті.
Секция отырысы мен семинарды жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі А.К. Мынбаева ашты. Ол 1939 жылдан бері студенттер мен жас ғалымдардың сәуір конференциясын өткізудің игі дәстүріне тоқталды. Биылғы жыл ҚазҰУ үшін мерейтойлық жыл – 2024 жылдың қаңтарында Қазақ ұлттық университетіне 90 жыл толды. Университет ғылыми мектептердің қалыптасуына және ғалымдар ұрпақтарының сабақтастығына назар аудара отырып, жақсы ғылыми дәстүрлерді жалғастыруда!
Семинар барысында өте өзектлігі баяндамалар тыңдалды. Жас ғалымдардың ізденісі психология ғылымының әр түрлі салаларын қамтиды екен. Іс-шара «Денсаулық және әл-ауқат» ТДМ 3 жүзеге асырады.
Әдіснамалық семинардың модераторы ретінде психология ғылымдарының кандидаты Ж.С. Сейтнұр ең алдымен зерттеу жұмыстарының ұлтымыз үшін практикалық маңыздылығы мен өзектілігіне мән берді.
Ең бірінші боп сөйлеген 3 курс докторанты Ш.Оспанованың тақырыбы «Қарым-қатынастағы жетекші тілдері әртүрлі келетін бір этникалық топтың өзара қатынасындағы стереотиптік түсініктер» делінеді. Орыстілді қазақтар мен қазақтілді қазақтардың стереотиптерін салыстыра зерттеген екен. Тілдік бөліністің артында этномәдени айырмашылықтар тұрғаны белгілі болды. Коммуникациядағы тілдік кедергі кесірінен тіпті бір этникалық топтың өкілдері де бір-бірінен оқшауланады екен.
Эмпирикалық және теориялық зерттеулердің нәтижелері қарым-қатынас тілі әртүрлі боп келетін бір этникалық топ ішінде әрқилы стереотиптердің болуына тілдің айтарлықтай әсер ететінін көрсетті. «Тек орыс тілінде сөйлейтін типтік қазақтың тұлғалық қасиеттері», «тек қазақ тілінде сөйлейтін типтік қазақтың тұлғалық қасиеттері» және «екі тілді меңгерген типтік қазақтың тұлғалық қасиеттері» туралы түсініктер арасында айырмашылықтар бар екен. Демек, тілдің этностық әлеуметтенуде (этномаркер ретінде), тұлғаның өзін кім екенін сезінуде, ұлттық сәйкестілікте маңызы зор.
Келесі баяндаманы 2 курс докторанты Ә.С. Ғабдрахман жасады. Оның тақырыбы «Жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен мұғалімнің эмоциялық қажуын (жанып кетуін) диагностикалау және алдын алу». Бұл бүгінгі білім беру саласындағы өзекті мәселе боп табылады.
Жанашырлық пен төзімділікті қажет ететін жауапты кәсіп. Алайда, бұл жұмыстың талаптары тіпті ең ынталы жанға да әсер етіп, тұлғаның эмоциялық жанып кету күйіне әкелуі мүмкін. Педагогтардың психикалық денсаулығын топ-менеджерлер ұдайы назарда ұстап отыруы тиіс. Өйткені, педагог мамандығы стресстік санатқа жатады және өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі реттеудің үлкен резервтерін талап етеді. Оқытушылар физикалық және психикалық денсаулықтың өте төмен көрсеткіштерімен сипатталады екен. Ал бұл көрсеткіштер маманның еңбек өтілі өскен сайын төмендейді. Қазіргі уақытта эмоционалды жанып кету синдромы МКБ-10- аурулардың халықаралық классификациясына енгізілген. Оған диагностикалық мәртебе берілді (ICD-10: 273 - өз өмірін басқарудағы қиындықтарға байланысты проблемалар).
Оқытушылардың қажуын, эмоциялық жанып кетуін диагностикалау және алдын алу үшін жасанды интеллектті қолданудың болашағы зор. Технологияның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, біз оқытушыларымызға дер кезінде қолдау көрсете аламыз, олардың психологиялық бақуаттылығын қамтамасыз ете аламыз және сайып келгенде, студенттерімізді өнімді оқыту үшін де жақсы жағдай жасай аламыз.
Үшінші баяндама спорт психологиясы саласына байланысты болды. 3 курс докторанты Юлия Красмик «Спортшылардың жарыстарға дайындық процесіндегі мотивациялық ерекшеліктері олардың тұлғалық өзін-өзі жүзеге асыруы көрінісі ретінде» деген тақырыпта сөз сөйледі.
Мотивация адамның кез-келген іс-әрекетінде жоғары маңызға ие, әсіресе спортта өте маңызды, мұнда басқа спортшылармен және спорттық командалармен қатаң бәсекелестік жағдайында өте қысқа мерзімде ең жақсы нәтижеге қол жеткізу қажет. Психодиагностикалық өлшеулер төрт диагностикалық әдістің көмегімен жүргізілген екен. Скопус журналдарына мақаланы шығаруда әдіснамалық қиындықтар туындапты. Өйткені, Қазақстандағы спортшылардың классификациясын шетелдіктердің түсінуде біраз мәселелер орын алыпты. Зерттеу әдіснамасына қойылатын талаптар да басқаша. Мотивтердің Құрылымдық теңдеулерді модельдеу айнымалылардың (мотивтердің) өзін-өзі жүзеге асыруға әсерін болжауға көмектеседі,
Соңғы боп сөйлеген «Психология» мамандығының 3 курс докторанты Н.В.Полывяннаяның тақырыбы: «Созылмалы ауыру және онымен байланысты күйлермен жұмыс істеуге арналған жаңа психологиялық интервенция: алдын ала нәтижелері». Н.В.Полывянная ең алдымен жиналған оқытушылар мен докторанттар алдында өз баяндамасы тақырыбын жариялап, тыңдармандарды зерттеу контекстіне кіргізді. Ол ауыруды сенсорлық тәжірибе ретінде санайтынын, яғни физикалық ауыру туралы айтып отырғанын бірден ашып көрсетті. Бұл психикалық жарақат немесе уайым-қайғы ретіндегі жан ауруы туралы емес, алайда егер біз ауыру анықтамасына қарасақ, зерттеуіміздің контекстін көреміз.
Ауыру – тіндердің нақты немесе ықтимал зақымдалуымен байланысты немесе осындай зақымданумен сипатталған жағымсыз сенсорлық және эмоционалды бастан кешкен күйлер (Ауруды зерттеудің халықаралық қауымдастығы). Ал созылмалы ауыру туралы айтатын болсақ, біз физикалық зақым болмаған жағдайда, 3-6 айдан астам уақытқа созылатын ауыруды қарастырамыз. Түрлі терапевтік әдістердегі созылмалы ауыруға қарсы фармакологиялық емес араласудың тиімділігі туралы айта отырып, Наталья американдық зерттеушілер мен созылмалы ауырумен жұмыс істеудің тиімді әдістерін кең насихаттаушы Говард Шубинердің (Эмоционалдық хабардарлық және экспрессиялы терапия (EAET)) және Алан Гордонның еңбектеріне сілтеме жасайды (Ауруды қайта өңдеу терапиясы (PRT)).
Медициналық парадигма ауруды емдеуге дәстүрлі жауап береді – дәрі-дәрмекті ұсыну. Алайда, бұл созылмалы ауырсынудың жауабы емес, оны жылдар бойы сезінуі мүмкін адамдар үшін дұрыс психотерапиялық көмек маңызды.
Докторант диссертацияның бір бөлігі боп табылатын зерттеудің қалай жүргізілгені туралы қысқаша әңгімелейді. Іріктеме топты таңдау, іріктеу критерийлері, зерттеу топтары және әдістері туралы айтылды. Содан кейін зерттеуші 8 апталық курстың мәні - жаңа психологиялық араласу туралы қысқаша әңгімеледі және 8 апталық кезеңде - араласуды алғанға дейін, ортасында және одан кейін ауырсынуды емдеу курсын аяқталған соң өлшенген ауыру күйі және оған байланысты жағдайлар туралы алдын ала зерттеудің нәтижелерімен, графиктерімен бөлісті.
Статистикалық тұрңыдан сенімді нәтижелер ауырсыну қарқындылығының төмендеуін көрсетеді: ауыру қалыпты өмірге кедергі ретінде, апаттылық, алаңдаушылық пен депрессия белгілері, бақылау тобымен салыстырғанда эксперименттік топта (курсты өткендер) жарақаттық тәжірибе белгілері айтралықтай төмендеді. Презентация қосымша сұрақтарға жауап береді, оларға докторант зерттеу мен алынған мәліметтер аясында жауап береді.
Жалпы, әдіснамалық семинарда талқыланған тақырыптар тыңдаушылар тарапынан үлкен қызығушылықпен қабылданды. Біз пайдалы пікір алмасуларға куә болдық.