ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

4 сәуір, 2024

Педагогикалық практика аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Механика-математика» факультеті, «Механика» кафедрасының «Робототехникалық жүйелер» білім беру бағдарламасының 1 - курс докторанттары А.И. Акжолова, Б.Ә.Талпақова, Д.М. Уйпалакова 04.04.2024 жылы тұрақты дамудың 17 мақсаттарының бірі, 6-ншы мақсаты "Таза су және санитария" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағатының барысында Су ресурстарына қатысты әлем бойынша және республикамыз бойынша мәселелер қозғалды:

Су – тіршілік көзі, күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігі. Оған бар тіршілік атаулы тәуелді. Дана халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Ал біздің күнделікті судың қадірін біле бермейтініміз ащы шындық. Тәулік бойы сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған жандарды түсіне бермейміз. Қара судың қадірі барлығымыз үшін маңызды.

Біріккен ұлттар ұйымының мәлімет­теріне сүйенсек, бүгінде әлем халқының жар­ты­сына жуығы су тапшылығын сезі­нуде. Сарапшылардың айтуынша, жер бетінде 780 миллионнан астам адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Ал 1,7 млрд адам тұщы су көз­деріне зәру. Әлемде жыл сайын таза судың жоқтығынан, ан­ти­санитариядан мыңдаған адам көз жұмады. Өкініштісі, оның көбі – бала­лар. Ал ғалымдардың пікі­рінше, 2040-2050 жылдарға қарай су тап­шылығы дағдарысы шын мәнінде әлемдік сипат алмақ. Осының аясында бү­гінде келесі соғыс мұнай немесе газ үшін емес, су үшін болады деген қауесет қау­лап тұр. Кейбір елдердегідей аса қат бол­мағанмен, қазақстанда да ауыз су мәселесі бар.

Су ресурстарын қалай қорғауға болатыны, дүние жүзі бойынша су ресурстарын қолдану статистикалыры, ғалымдардың зерттеп дәлелдеген тұжырымдары, әлемдегі ауыз су ресурстарын шешу жолдарын, суды үнемдеу тәсілдерін, үнемдеп қолдану туралы сұрақтар көтеріліп талқыланды.

Көзімізді нақты жеткізу үшін әр түрлі мысалдар келтіріліп видеороликтер көріліп, сауалнамалар жүргізілді. Көрсетілген видеороликтер, жүргізілген сауалнамалар талқыланды.

Сабақ соңында жоғарыда аталған мәселелерді талқылау қорытындысын шығара отырып, «Механика» кафедрасының меңгерушісі доцент Туралина Д.Е., педагог аға оқытушы Г.А. Қырғызхан «Робототехникалық жүйелер» БББ 3- курс студенттері өз пікірлерін білдірді.

Тұрақты даму мақсаттарының бірі бойынша тәрбие жұмыстарын жүргізу университеттің осы мақсатқа жету үшін қосқан үлесі болып табылады.