«Қазақстан Республикасының табиғи апаттары мен форс-мажорлық жағдайлары»
17 сәуір, 2024
2024 жылдың 16 сәуірінде 317 аудиторияда сағат 14.00-де Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасы Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру « Қазақстан Республикасының табиғи апаттары мен форс-мажорлық жағдайлары» атты тақырыбында ғылыми семинар өткізді.
Бұл шараның спикері аға оқытушы Қарашева Ж.Т Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 411 жеке тұрғын үй, 1 607 аула аумағы су астында қалған. Бірлескен күштермен 9,5 миллионнан астам текше метр еріген қар суы сорылды, 2,2 миллион қапшық және 1,2 миллион тонна инертті материал төселген. 3 503 тұрғын үй мен 2 157 аула аумағынан су бұрылды.
«Су тасқыны басталғалы бері 111 194 адам, оның ішінде 39 222 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Тартылған әуе кемелерімен 3 575 адам, оның ішінде 1 157 бала құтқарылды. 11 950 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пунктеріне 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала орналастырылды. 106 551 ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды». «Жедел желі» телефонына 1 716 қоңырау түсті, психологтар зардап шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетіп жатыр», - делінген хабарламада. Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы.Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі.Біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес.Апаттардың алдын алу жұмысындағы кемшіліктен бастап, су шаруашылығы мамандарының тапшы болуы, табиғатқа немқұрайлы қарауға дейін көп мәселені реттеу қажет. Үкімет және жергілікті атқарушы органдар су тасқынымен күресті тиімді үйлестіріп отыруға тиіс. Су басқан аумақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажет.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024