Су ресурстарын тиімді пайдалану маңызды

19 сәуір, 2024

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы «Фараби әлемі» конференциясы аясында, Тұрақты дамудың алтыншы мақ­саты – таза су және санитария, яғни барлық адамдар үшін су ре­сурс­тары мен санитарияның болуын және ұтымды пай­да­ланылуын қамтамасыз ету шеңберінде «Су ресурстарын қор­ғау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бұл іс-шараның не­гізгі мақсаты – тұрақты даму мақсаттарының жүзеге асуы­на аз да болса үлес қосу. 

Тұрақты дамудың алтыншы мақсаты барлығына қауіпсіздік та­лаптарын сақтай отырып ұйым­дастырылған ауызсумен жаб­дық­тау­ды және санитарлық қыз­мет­тер­ді қамтамасыз етуге ба­ғытталған және қолайлы ор­та­ның маңыздылығын айқындай отырып, су ресурстарын, ағынды суларды және экожүйелерді тұ­рақ­ты басқаруға ерекше назар ау­д­арады.

Жалпы алғанда, тұрақты даму­дың алтыншы мақсаты бірнеше тапсырма мен көрсеткіштерден тұ­рады, атап айтқанда: 2030 жыл­ға қарай барлығына қауіпсіз және арзан ауызсуға жалпыға бірдей және тең қолжетімділікті қамтама­сыз ету; 2030 жылға қарай тиісті санитарлық-гигиеналық құрал­дар­ға жалпыға бірдей және тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; 2030 жылға қарай ластануды азайту, қалдықтарды төгуді жою және қауіпті химиялық заттар мен материалдардың шығарын­ды­ларын азайту, тазартылмаған ағынды сулардың үлесін екі есеге азайту және бүкіл әлемде ағынды суларды қайта өңдеу мен қауіпсіз қайта пайдалану көлемін едәуір арттыру арқылы судың сапасын жақсарту; суды пайдалану тиім­ділігін едәуір арттыру және су тапшылығы мәселесін шешу, су тап­шылығынан зардап шегетін адамдар санын айтарлықтай азай­ту үшін тұрақты тұщы су алу мен жеткізуді қамтамасыз ету; транс­шекаралық ынтымақтастық негізінде су ресурстарын кешенді басқаруды қамтамасыз ету; су­мен байланысты экожүйелерді қорғауды және қалпына келтіруді қамтамасыз ету; 2030 жылға қарай дамушы елдердің жерүсті ағындарын жинауды, суды тұщы­лан­дыруды, суды пайдалану тиім­ділігін арттыруды, ағынды сулар­ды тазартуды және қайта өңдеу және қайта пайдалану техноло­гия­ларын қолдануды қоса ал­ғанда, сумен жабдықтау және са­ни­тария саласындағы қызмет пен бағдарламаларды жүзеге асыру­дағы әлеуетін нығайту ісінде ха­лықаралық ынтымақтастық пен қолдауды кеңейту; су шаруа­шы­лығы мен санитарияны жақсар­ту­ға жергілікті қауымдастықтардың қатысуын қолдау және нығайту.

Осы тапсырмалардың негізгі көр­сеткіштері: ауызсудың қауіпсіз көздеріне және қауіпсіз сани­тар­лық жағдайларға қол жеткізе ала­тын халықтың үлесі; тиісті түрде тазартылатын сарқынды сулар­дың үлесі; орташа көрсеткіштер бойынша қанағаттанарлық са­па­лы су айдындары; суды пайдалану тиім­ділігін арттыру; су ресурс­та­рын басқару тетіктерін енгізу дә­ре­жесі; аумағында су ресурс­та­рын басқару саласындағы ын­тымақтастық бағдарламалары жұ­мыс істейтін трансшекаралық су бассейндерінің үлесі, уақыт өте келе су экожүйелері тара­луы­ның өзгеруі; су пайдалану мен санита­рия­ны дамытуда мемлекеттік қол­даудың ауқымы; су ресурс­та­ры мен санитарлық жағдайларды бас­қаруға жер­гі­лікті қоғамдас­тық­тардың қа­ты­суы үшін ұйым­дастырылған және енгізілген іс-шараларда жер­гі­лікті әкімшілік ресурстардың үлесі.

Іс-шара барысында су ре­сурста­рын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекция маманы Мұхаммедуәли Мамық­баев су ша­руашылығын ұтымды пайда­лануды бақылау қыз­ме­тінің қазіргі мәселелері мен міндеттерін баян­дады. Іс-шара өте тартымды өтті. Білім алу­шы­лар көптеген ақ­па­раттарға қа­нық болып, өз қы­зығу­шы­лық­тарын танытып, бел­се­не қа­ты­сып отырды. Жастар тұ­рақ­ты да­мудың мақсаттарына жету үшін ерен еңбектің қа­жет­тілігін және су ресурстарын қо­р­ғаудың маңыздылығын ұғынды.

Іс-шара соңында кафедра сту­денттеріне арналған сергіту сұ­рақ-жауап ойыны өткізілді. Бел­сене қатысып, сұрақтарға жауап беру арқылы жоғары балл жи­наған студенттерге сый­лық­тар бе­рілді. Дөңгелек үстелге қа­ты­сушылар жалпы қорытынды жа­сап, өз қызметімен және су мә­селелерімен бөліскен қонақ­қа алғыстарын білдірді.

Лаура ҚҰРБАНОВА,

Баян ТҮСІПОВА,

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары