ҚазҰУ ғылыми-инновациялық қызметіне талдау жасады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кезекті Ғылыми кеңесінде университеттің 2023 жылда атқарған ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметінің нәтижелері талқыланды. Басқарма мүшесі – ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Жәмила Айтжанова баяндама жасап, өткен жылда іске асырылған ғылыми бағыттарға тоқталды.
2023 жылы университет 376 жобаны жүзеге асырып, қаржыландырудың жалпы сомасы 9811,7 млн теңгені құрады. Көптеген жобалардың мерзімі 2025 жылға дейін жоспарланған. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруы аясында жүзеге асырылып жатқан жас ғалымдарға арналған «Жас ғалым» атты 17 жоба бар. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруы аясында 75 жоба жүзеге асырылуда. Мәселен, ғылыми жобаларды қаржыландырудың арқасында 2023 жылы 574 жаңа жұмыс орны ашылып, 8 патент пен 24 авторлық куәлік алынды. Мемлекет бюджетіне 1 миллиард теңгеден астам салық түсті.
Өткен жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түрлі бағыттар бойынша қызметкерлерді кәсіби және қайта даярлау, біліктілігін арттыру мақсатында шетелдік белгілі университеттер және институттармен ынтымақтастық орнатылып, бірқатар маңызды бірлескен ғылыми-инновациялық жобаларға қол қойды. Соның есебінен университет ғылыми қызметінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Осылайша ҚазҰУ ғалымдары Орталық Азиядағы алғашқы Индустрия 4.0 модельдік фабрикасын құру жобасын ұтып алды және алғаш рет Oxford Qazaq сөздігінің қазақша-ағылшынша және ағылшынша-қазақша сөздігінің тұсаукесерін өткізді. Бұл жобаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын. Кітапты жарыққа шығаруға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының, «Фридом Холдинг» компаниясы және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары атсалысты.
2023 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми журналдары Scopus халықаралық ДБ-ға енгізілді. ҚазҰУ оқытушылары мен ғалымдары ҚР ҒЖБМ КОКСНВО ұсынған журналдарда 629 мақала жариялады. Scopus дерекқорындағы дәйексөздердің үлесі мен саны бойынша өткен жылы химия және химиялық технология, биология және биотехнология, физика-техникалық факультеттері көш бастап тұр.
Проректор ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау туралы ақпарат берді. Университетте 1089 докторант оқиды және өткен жылы олардың 410-ы ғылыми тағылымдамадан өтті. Сондай-ақ проректор 2023 жылғы шығарылым докторанттарының жарияланымдық белсенділігін де атап өтті. Олар Scopus және Web Of Science ДБ-да 222 мақала жариялады. Докторанттар шетелдік кеңесшілермен 82 (26%) жарияланымды жарыққа шығарды. Сондай-ақ спикер зерттеу университетінің 2024 жылға арналған стратегиялық міндеттері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
ҚазҰУ-дың ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметінің қорытындылары туралы химия және химиялық технология факультетінің деканы Алина Галеева қосымша ақпарат берді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ғалымдардың назарын ЖОО-да ғылыми-инновациялық қызметті табысты жалғастыру және іске асырудағы негізгі мәселелерге аударды. Ректор ғалымдарға жалпы университет үшін ерекше басымдыққа ие болатын ғылыми зерттеулерге қажетті бағыттар мен ресурстарды анықтауды, сондай-ақ нәтижелерді одан әрі жақсарту үшін жұмыстың әр сатысы мен серіктестіктің барлық мүмкіндіктерін талдауды тапсырды.
Күн тәртібінде ғалымдар «Факультеттердің әкімшілік қызметкерлерінің көзімен университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бағалау туралы» сауалнама көрсеткіштерін енгізу туралы мәселелерін талқылады. Сондай-ақ АТ инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету департаментінің директоры Ғалымжан Сариев іс-шараларға арналған өтінімдер порталы туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.
Ғылыми кеңес соңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының аға әдіскері Сара Пермахан, Конфуций институтының директоры, филология ғылымының кандидаты Рахымжан Асылбеков, Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаменті директорының орынбасары Жәния Әбдіман, Коммерцияландыру кеңсесінің басшысы Алмаз Гаухар Солтүстік-батыс саяси ғылымдар және құқық университетінің «Достық және мәдени алмасу елшісі» сертификаттарымен марапатталды. Сондай-ақ Қытайтану кафедрасының профессоры, тарих ғылымының докторы Мұқаметханұлы Нәбижанға ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі атағы берілді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі