Профессор, б.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі Болатхан Заядан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Қаныш Сәтбаев – ұлт мақтанышы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

12 сәуір, 2024

Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай 12 сәуір күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қаныш Сәтбаев – ұлт мақтанышы»  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияға ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закария, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Парламент депутаттары, ғылыми және академиялық қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биотехнология кафедрасының профессоры, д.б.н., ҚР ҰҒА академигі Болатхан Заядан қатысты.

    

Конференция барысында  Президент кеңесшісі Күнсұлу Закария қатысушыларға Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқыды. Онда «Қаныш - Қазақстан тарихында айрықша орны бар тұғырлы тұлға. Академиктің мол мұрасын жан-жақты дәріптеп, есімін ұлықтау - ұрпақ парызы» деп көрсетілген.
«Ғылыми қауымдастық 2024 жылы еліміздің тұңғыш академигі, Ұлттық ғылым академиясының негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойын кеңінен атап өтеді. 2023-2025 жылдарға арналған мерейтойлар мен атаулы күндер тізбесіне сәйкес ҚР Үкіметі Сәтбаевтың мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспарды бекітті. Ғалымның ғылыми-мәдени мұрасына кешенді зерттеу жүргізу жоспарлануда. Оның қорытындысы бойынша Сәтбаев еңбектерінің толық академиялық бес томдығы шығарылады. Сондай-ақ, академик Қаныш Сәтбаевтың БҰҰ-ның 6 тіліндегі биобиблиографиясы жасалады», - деді министр Саясат Нұрбек.

 Сондай-ақ, бұл күні заңғар тұлғаны еске алу мақсатында Еуразия ұлттық университетінде «Планетарлық денгейдегі тұлға» көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрме бірнеше тақырыптық аймақтарға бөлінді.    

Конференцияға қатысушылар мен студенттер ЕҰУ қабырғасында ғұлама ғалымның туған жерінен арнайы әкелінген эксклюзивті жәдігерлермен танысты. Баянауыл мемориалдық мұражайы академиктің жеке заттарын көпшілік назарына  ұсынды.