АКНАЗАРОВ Сестагер Хусаинович
Қазақ, 1947 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында қызметкердің отбасында туған.
Орта мектепті Алматы қаласында бітіріп, 1970 жылы С.М. Киров атындағы (Қазақ мемлекеттік университеті)Қазақ мемлекеттік университетінің қатты дене физикасы факультетіне оқуға түсіп, бітірді.
Қатты дене физикасы институтында (Мәскеу облысы Черноголовка) аспирантураны аяқтады.
1976 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты (мамандығы 01.04.07 – қатты дене физикасы), 2005 жылы– химия ғылымдарының докторы (01.04.17 мамандығы – химиялық физика, оның ішінде жану және жарылыс физикасы және 02.00.04 – физикалық химия).
2020 жылдан – Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі.
Еңбек жолын ҚазМУ-дың химия факультетінің физика және химиялық инженерия зертханасында кіші ғылыми қызметкері, кейін Қ.Сәтбаев атындағы ҚазПТИ-де аға оқытушы болып бастады, ҚАЗИМС зертханасының меңгерушісі, Халықаралық ғылыми мәдениет орталығы – Дүниежүзілік зертхананың бас директоры, ҚазҰУ химия факультетінің физика және химиялық инженерия зертханасының меңгерушісі, ҚРБ және ҒМ қарасты «Жану мәселелері институты» РМК бас директоры, «Жалын» ғылыми-өндірістік-техникалық орталығы» ЖШС бас директоры және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химиялық физика және материалтану кафедрасының профессоры м.а. атқарды.
Химиялық физика және физикалық химия саласындағы ғылыми қызығушылықтары плазмалық-химиялық процестің пайда болуы мен дамуының динамикасы мен кинетикасы, механикохимиялық реакциялар және фармацевтика саласындағы қолданбалы өздігінен тұтанатын жоғары температуралық синтезбен байланысты.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық бағдарламалар мен мақсатты қаржыландыру бағдарламалары аясында жүзеге асырылатын ғылыми жобалардың жетекшісі, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым қоры» АҚ коммерцияландыру бағдарламаларының жетекшісі.
Әр жылдар ішінде Ресейдегі Нидерланды Елшілігі, ISAR, Дүниежүзілік банк және Сорос-Қазақстан Қоры, Милеоконтакт (Нидерланды), Дания, Финляндия және Норвегия Қоршаған ортаны қорғау министрліктерінен ғылыми және қоршаған ортаны қорғау үшін зерттеу жасауға гранттар алынып, жүзеге асырылды.
Ол Йоханнесбургте (Оңтүстік Африка), Киевте (Украина), Тбилисиде (Грузия), Найробиде (Кения), Бангкокта (Тайландта) БҰҰ-ның «Еуропалық орта» процесі аясында Данди университетінде (Шотландия), Джуджи (Корея), сондай-ақ Швеция, Франция, АҚШ, Испания және Мексикада ғылыми баяндамалар жасады.
2 химия ғылымдарының кандидатын және 6 PhD докторын дайындады.
360-тан астам ғылыми мақалалар, жеке және бірлескен авторлық жұмыстардың авторы. Ғылыми мақалалар мен тезистер – 267, оның ішінде халықаралық рейтингтік басылымдарда – 42; 15 - оқулықтар мен монография, 36- авторлық куәлік; 33- патент – оның ішінде – шетелдік 4 - еуразиялық және 2 еуропалық.
Дәйексөз индексі – Average Citations per Item = 8,75, Хирш индексі – h- index = 3 (Thomson Reuters), Хирш индексі – h- index = 4 (Scopus).
2007жылы - Ғылыми-педагогикалық қызмет нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО үздік оқытушысы – 2007» грантын жеңіп алды және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің төс белгісімен марапатталды.
2013 жылы - Мемлекеттік құрылыс, экономиканы дамыту және Қазақстан Республикасының халықаралық беделін нығайту саласындағы Отан алдындағы ерекше қызметі үшін «Қазақстанның Даңқ» орденімен марапатталды.
2015 жылы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталды.
2017 жылы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.