"Дұрыс тамақтану, жаман әдеттен арылу"

25 сәуір, 2024

        2024  жылдың 23 сәуірінде  317 аудиторияда сағат 14.00-де Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру 

      " Дұрыс тамақтану, жаман әдеттен арылу."тақырыбында  ғылыми семинар өткізді. Бұл шараның спикері аға оқытушы Қарашева Ж.Т

     Біз бір нәрсені үйренген кезде, миымыз үлкен мөлшердегі ақпараттарды қабылдай бастайды. Оған қоса, қабылдау, сезіну, көңіл-күй сынды қасиеттердің жаңа беттерін толықтырып жатады. Уақыт өте келе, жаңа іс-әрекетті үйрену кезінде істің мән-жайын түсіне бастап, автоматты түрде қолыңыз машықтанып кетеді. Ал ақыл-ойыңыз қимылыңызды «жаттай» бастайды. Мысалы, алғаш рет велосипед тепкен сәтіңізді есіңізге түсіріңізші. Сол сәттегі қимылыңыз бен уайымдағаныңыз әлі есіңізде болар. Әйтсе де, қазір велосипедке еркін отырып, автоматты түрде аяғыңыздың қозғалысын алмастырып, қалаған жеріңізге бара аласыз.Бұл үрдіс «есте сақтау» деп аталады. Есте сақтау кезінде жадымыз жаңа қабаттар «жамылады». Бұл қабаттар келесіде сол қызметтерді атқаруға көмектеседі. Ол уақыт өте келе әдетке айналады.Әдетке айналған әрекет қалай жұмыс істейді?Әр әдет қарапайым әрекеттерден және аяқ астынан туындайды. Алдымен, миыңызға белгілі бір іс туралы автоматты түрде хабар барады. Содан соң, іс-әрекетке көшу бағдарламасы жүзеге асады. Ол физикалық және ойлау қызметтері арқылы жасалып, қандай болса да нәтиже көрсетеді. Нәтиженің ыңғайына қарай іс-әрекет қайталана түскеннен кейін барып, әдетке айналады.Жаман әдетті жақсы әдетке қалай айналдыруға болады?Ең бастысы, жоғарыда аталған ережеден аттамау керек. Яғни, «миға хабар жеткізу – іс-әрекет бағдарламасы – нәтиже». Жаман әдеттен арылу үшін осы ережелерді басты назарда ұстау қажет. Ол үшін миыңызға хабар беру кезінде мұқият ойланыңыз. Миға жеткен дұрыс хабарлама жақсы нәтижеге жол аша түседі.