ҚазҰУ-да «Күміс университет» жобасы ұйымдастырылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Күміс университет» жобасы ұйымдастырылды.
Жобаның мақсаты – егде жастағы азаматтардың білім алу кеңістігін кеңейту, елуден кейін оқуға түсушілерге қолдау көрсету, жастарға үлгі ету, өзін-өзі дамытуды қолдау аясында біліктілігін арттыру.
«Күміс университет» – егде жастағы адамдарға екінші мамандық алуға көмектесетін халықаралық қозғалыс. Оқыту 50 жастан асқан азаматтардың жаңа кәсіп түрін үйренуіне жол ашады.
Еркін форматта ұйымдастырылған конференция жұмысына аға буын өкілдері, егде жастағы адамдар, университет басшылығы мен ардагер оқытушылар қатысты.
Іс-шараны ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі – операциялық қызмет жөніндегі проректор Еркін Дүйсенов ашты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев егде жастағы азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен экономикалық әл-ауқатына үлкен мән береді. Бүгінде көптеген елдерде «Күміс университет» бағдарламасы ресми түрде жұмыс істеп келеді. Қазір бізде де бұл бастама жүзеге асуда. «Күміс университетінің» жұмысы аясында университет егде жастағы адамдарға заманауи IT-технологияларды, шет тілдерін үйрену, құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру курстарын қамтитын білім алушылардың бағдарламалар портфелі. Қазіргі уақытта қазақстандық қоғам үшін «Үшінші жастағы университет» немесе «Күміс университеттер» - салыстырмалы түрде жаңа құбылыс. Бұл жоба егде жастағы адамдарға, әсіресе экономикалық дағдарыс жағдайында білім беруге мол мүмкіндік. Осы жобаның арқасында егде жастағы адамдар өздерінің хоббиін, өздері қалаған жұмысын таба алады. Бұл үшін ҚазҰУ барлық мүмкіндіктерге ие», – деді проректор.
Конференция барысында Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Сәкен Аралбаев, Бостандық ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әсем Беспаева, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры, саясаттану ғылымының кандидаты Сәуле Бекетаева, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жобасының жетекшісі Қалимаш Рақымбаева, филолог, «Алтын алқа» иегері Ләйла Дәулет, профессор, филология ғылымының докторы Анар Салқынбай сөз сөйлеп, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды.
Іс-шарада қатысушылар өнер, мәдениет, денсаулық сақтау және ақпараттық технологиялар сияқты түрлі салалар бойынша білімдерін жетілдірді. Сондай-ақ егде жастағы адамдарға қолжетімді курстар мен білім беру ресурстары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Конференцияда қатысушылар әртүрлі білім және кәсіби құзыреттілік салаларындағы сарапшылармен тәжірибе және идеялармен алмасты.
Конференция барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
Шара арнайы дайындалған концерттік бағдарламаға ұласты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі