«Алматы жастары - болашақ бастауы»

27 сәуір, 2024

Алматы қаласында 8-інші сәуірден бастап «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны басталған болатын. Аталмыш науқан 8-інші мамырға шейін жалғаспақ. Науқан аясында, сәуір айының 27-ші жұлдызы Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша «Алматы - бақ қала» акциясы негізінде, жаппай алма көшеттерін отырғызу басталды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттерін арнайы автобуспен Алатау ауданына, жасыл желектерді  отырғызуға алып шықты.

Әр университеттен жиналған студент жастардың көңіл-күйін көтеру де қалыс қалмады. Арнайы концерттік шара болды. Аталмыш шараға қатысуға қала тұрғындары мен қала қонақтары шақырылған. «ALA» саябағының аумағында көшет егу жұмыстарына белсене қатыстық. «Алматы - біздің ортақ қаламыз» деген жазумен жазылған тегін футболкалар мен бас киімдер де берілді, жеңіл-желпі тіскебасар мен сулар да таратылды. Алма бағын отырғызуға ат салысқан студенттер легі керемет көңіл-күймен қайтты.