«Алматы қаласының ауыз су мәселесі»

29 сәуір, 2024

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ 6) аясында «Алматы қаласының ауыз су мәселесі» тақырыбында Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушыларымен іс-шара өткізілді.

Өткізілген шараның мақсаты: Алматы қаласының су ресурстары туралы ақпаратпен танысып, су қорының жағдайын, суды қорғау, тиімді пайдалану жолдарын анықтап экономикалық және экологиялық тұрғыдан баға береді.

Атқарылған міндеттер:

  1. Алматы қаласының су ресурстары жайлы толық ақпарат алады;
  2. Су қорының қазіргі жағдайын талдайды;
  3. Суды қорғау және тиімді пайдалану жолдарын анықтап, маңыздылығын түсінеді;
  4. Өзіндік экологиялық мәдениеті мен экономикалық сауаттылғын қалыптастырады;
  5. Қорғау жолдары мен тиімді пайдалану аясында өз пікірлерін ұсынып, алдын алу шараларын қарастырады.

Алматы қаласының негізгі су көздерін атаңыз?

Қазіргі таңдағы жағдайы қандай?

Күнделікті өмірде тұтынатын мысалы, суды қалай қолданамыз?

Судың сіз үшін маңызы қандай?

Болашақта 50 жылдан кейін су мәселесінің жағдайын қалай бағалайсыз?

Су қорын тиімді пайдалану үшін қандай әрекеттер жасайсыз?

Шет елде (Жапония, Германия) ауыз су мәселесімен қалай күресуде?

Өткізілген шара барысында осы сұрақтар төңірегінде тыңдаушылар өз пікірлері мен ойларымен бөлісіп, өзара талдау жасады.

Сонымен қатар, біз су ресурстарын қорғап қана қоймай, су ресурстарының әрбір тамшысын қастерлеуіміз керек екенін түсінді.

Қала тұрғындары су ресурстарына көп көңіл бөлмейді және су ресурстарына назар аудармайды. Балалар тұрғындардың су ресурстарына деген назарын күшейту және Алматы қаласының дамуы үшін су ресурстарының маңыздылығын насихаттау мақсатында тұрғындардың су ресурстарын ысырап етуіне байланысты сұхбат жүргізді.

Сауалнама және сұхбат жүргізу барысында мынадай қорытындыға келді: қала тұрғындары судың адамзат үшін өте маңызды ресурс екенін толық сезінбесе керек. Қаланың әр бір тұрғыны суды тиімді пайдалану жолдарын білу қажет. Бұл мәселені қазірден бастап қолға алған жөн. Табиғат ресурстарын қорғау бойынша білімді бала кезден балабақша, мектептен бастағанымыз абзал. Осы тақырыпқа байланысты іс-шаралар өте көп өткізілуі қажет. Адамзат санасына судың және басқа да табиғат байлықтарының біз үшін өте маңызды екенін сіңдіруіміз керек деп ойлаймыз. Әр адам баласы біздер және болашақ ұрпақ су тапшылығын сезінбес үшін кішкене болсын өз үлесімізді қосу ол біздің парызымыз екенін түсінгеніміз абзал.

Сонымен қатар, көшелерде  энергетикалық сусындар жарнамасының орнына су туралы жарнамалар,видеороликтер көрсетілсе деп ойлаймыз.

“Су тіршілік көзі”, “Әлемнің су тапшылығына кішкене болса да өз үлесіңізді қосыңыз”.

Алдағы уақытта әлемнің стратегиялық ресурсы мұнай емес, таза су болуы ғажап емес.