Мегагрантты жүзеге асыру аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Батыс Қазақстан өңірлерінде су тасқыны жағдайы бойынша зерттеулер жүргізуде

29 сәуір, 2024

BR21882122 " Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер" Мегагрантын жүзеге асыру аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Батыс Қазақстан өңірлеріндегі су тасқыны жағдайы бойынша зерттеулер жүргізуде.

Су тасқыны жағдайын бақылауды жүзеге асыру үшін Атырау қаласындағы Жайық өзенінің бассейнінде ҚР жоғары білім және ғылым министрлігі, ҚР Ғылым комитеті жанынан жедел ден қою штабы құрылды.   Жедел штаб жанындағы ғалымдар тобындағы география және табиғатты пайдалану факультетінің аға оқытушысы Ердесбай Алмат Нұрбақұлы 15.04.2024-20.04.2024 жылдар аралығында Жайық өзенінің бассейніндегі ағымдағы су тасқыны жағдайына бағалау жүргізді.

Ғалымдар есептеу және графикалық-аналитикалық гидрологиялық зерттеулер жүргізді. Инфрақұрылымның жай-күйін, арналардың өткізу қабілетін, Жайық өзенінің жеңдері бойынша ең жоғары шығыстардың транзиті бойынша мүмкін болатын іс-шараларды анықтау мақсатында аспаптық өлшеулер (гидрометриялық бұрағыш, ҰҰА эхолоты, GNSS -қабылдағыш) жүргізе отырып далалық зерттеулер жүргізілді. Қолжетімді ақпаратқа кешенді талдау жасалды: аспаптық бақылау кезеңіндегі гидрологиялық бақылауларды талдау. Судың шығу уақыты мен су тасқыны толқыны анықталды. Жайық өзенінің негізгі арнасының гидропосттары бойынша көлденең профильдер салынды және талданды.

Алынған жедел деректерге сәйкес, картографиялық материалдарды, сондай-ақ аумақты заттай зерттеу кезінде Атырау қаласына судың ең көп шығынын жеткізу уақыты, сондай-ақ арналардың өткізу қабілеттілігінің жай-күйі туралы ұсынымдар берілді.

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап География және табиғатты пайдалану факультетінің ғалымдары Е.Х.Какимжанов, А.А. Тоқбергенова, Е.С.Сарыбаев, А.М.Рыскельдиева, Қ.Б. Зулпыхаров, сондай-ақ докторант Н.Хамитов Батыс Қазақстан өңірлерінде кешенді далалық зерттеулер жүргізуде.

Ақтөбе қаласындағы су басқан жерлерді анықтау мен зерттеуде Елек өзенінің аңғарында орналасқан елді мекендерді су басқаны анықталды. Оған Локоматив, Көктем, Строитель-4, Рассвет Лесхоз, Зеленстрой, Актоберентген, Зооветснаб, Вишневый сад саяжайлары кіреді. Су деңгейі шамамен 2-3 метрге көтерілгені анықталдв. Үйлердің қоршаулары бұзылған, жолдарды шайып кеткен, Газ құбырлары құлаған, сонымен қатар орманды массивтегі ағаштарды су шайып кеткен. Мультироторлық ұшқыссыз ұшу аппаратымен түсірілген сурет пен 22.05.2023 жылы түсірілген ғарыштық суреттерге салыстырмалы талдау жүргізілді.

Сонымен қатар, Елек өзенінің су сынамаларына физика-химиялық зерттеу жүргізілді. Елек өзені алқабының жер үсті су ресурстарында физика-химиялық көрсеткіштерді анықтау барысында қалқыма бөлшектер бойынша 20ШРК, нитриттер 4,3 ШРК, хром (6+) 1,26 ШРК, бор 2,8 ШРК еселік асуы байқалғанын көрсетті.

Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі, География және табиғатты пайдалану факультетінің аға оқытушысы А.К. Мусина Atameken Business News, 24kz телеарнасы, Qazaqstan ұлттық телехабарларда су тасқынын болжау, сондай-ақ су ресурстары саласында мамандар даярлау мәселелері бойынша бірқатар сұхбат берді.

Сілтемелер:

https://www.instagram.com/p/C58nJwEMfkA/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.inatyrau.kz/news/3765262/vedusie-ucenye-pribyli-v-atyrau

ttps://www.facebook.com/100083171025238/posts/pfbid02GawyYbaP3Wjpm8FgCoLGKXgCdqAMSBHXPzBzEWKs9fVvQp72EET7Ar6m9q7kVMgGl/?app=fbl

https://www.instagram.com/p/C53rjJ0LnCD/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.youtube.com/live/bysS5XhJQP4?si=sXXS7SkVXolVrDFB

https://youtu.be/pbYijSYHtKQ?si=ZysaWoaLaiQcoKZP

https://youtu.be/-tFeyaf31Bo?si=yIZlNu8mg1EqfgMO