«Гендірлік теңдік стратегиясы – ерлер мен әйелдер теңдігі»

30 сәуір, 2024

2024 ж 30-шы сәуір күні «Гендірлік теңдік стратегиясы – ерлер мен әйелдер теңдігі» тақырыбымен «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығында білім алып жатқан түркменстандық студенттер арасында  іс-шара өткізілді. Аталған іс-шарада студенттер қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қолжеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызметтің рөлі туралы көңілде жүрген ой-пікірлерін ортаға салды. Әлі де қоғамның әйел адамға көрсететін психологиялық қысымның бар екендігін, өкінішке орай, гендірлік теңсіздік тек әйелдердің мәселесі болып қалып жатқандығы туралы, қоғамда ұшырасатын гендірлік мәселелер туралы ойларын да ашық айтып, пікірталасты.

Ұйымдастырушы:Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы Қойшыгулова Динара.