ТДМ 4 бағыты аясында 176 мектеп гимназияда қонақ дәрісі

1 мамыр, 2024

Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Қ.М. Қожабек Алматы қаласының 176- мектеп гимназиясында болып ТДМ 4-бағыты бойынша қонақ дәріс оқыды. Білім алу адамдардың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жағдайының жақсаруына негіз болып, кедейшіліктен шығуына мүмкіндік береді. Әлемде соңғы жылдары орта білім алу деңгейі жоғарылап, әсіресе қыз балаларға мүмкіндіктер ашылуда. Дегенмен әлемде әлі күнге дейін 260 млн бала мектепке бармайды. Дәрісте осы мәселелерге көңіл бөлініп, еліміздегі орта білім беру мәселесі баяндалды.