- Басты бет
- Компаленс бақылау қызметі
- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті студенттері арасындағы әлеуметтанулық зерттеулер
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті студенттері арасындағы әлеуметтанулық зерттеулер
Университеттің комплаенс-бақылау қызметінің бастамасы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның 2023-2024 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, университет студенттері арасында сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау үшін анонимді сауалнама әдісімен әлеуметтік зерттеулер жүргізілді.
Сауалнаманы әлеуметтанулық зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығы 2024 жылдың 18 наурызы мен 10 сәуірі аралығында жүргізді және 17 факультетті қамтыды (соның ішінде Al-farabi business school) барлығы 7893 респондент.
Сауалнама нәтижелері бойынша, сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың жалпы деңгейін көрсететін сұраққа (Өз мүдделеріңізге қол жеткізуде заңсыз тәсілдерді пайдалануға жол беріле алама) мынадай нәтижелер алынды:-92,3% студенттер өз мүдделеріне қол жеткізуде заңсыз тәсілдерді пайдалануға жол берілмейді деп санайды;
-7,7%-өз мүдделеріне қол жеткізуде заңсыз тәсілдерді пайдалану өздері үшін қолайлы деп санайды.
Шетелде тағылымдамадан/ оқудан өту үшін кандидаттарды іріктеу кезінде университетте сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындау мүмкіндігі бар ма деген сұраққа мынадай нәтижелер алынды:
- 18,6 шетелде тағылымдамадан/оқудан өту мүмкіндігін іске асыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен байланысты деп санайды; - сұралғандардың 81,4% қойылған сұраққа теріс жауап берді.
Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқан студенттердің басым көпшілігі 92,6% аралық бақылау мен сессия кезінде ешқашан жосықсыз тәжірибеге тап болмағанын айтады.
Респонденттерге 11 сұрақ бойынша сауалнама жүргізілді, сауалнама нәтижелері университеттегі транспаренттілік деңгейі жоғары деп бағаланғанын көрсетті.
Сонымен қатар, сауалнама нәтижелері сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелерінде студент жастардың белсенділігін арттыруға назар аудару қажет екенін көрсетті, өйткені студенттің өзі әлеуметтік практиканың белсенді субъектісіне айналуы тиіс, бұл қоғамдағы ауқымды өзгерістерді іске асыруға мүмкіндік береді.
Сауалнама қорытындылары университеттің Басқарма мүшелеріне, факультет декандарына, университеттің студенттік ұйымдарының өкілдеріне жеткізілетін болады және сауалнама қорытындыларын және нақты ұсыныстар әзірлеуді, сондай-ақ университетте сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау жөніндегі шаралар кешенін талқылай отырып, кеңес өткізу жоспарлануда.