
1985 жылы 7 қаңтарда Жетісу облысы, Үш арал қаласында дүниеге келген. жылы Мыңбаев атындағы Үшарал орта мектебін 2001жылы бітіргеннен соң әл-Фараби ҚазҰУ, Шығыстану факультетінің Хинди бөліміне оқуға түскен. 2004 жылы Үндістандағы Кендрия Хинди Санстханда (Орталық Хинди институты) 1 жылдық тілдік тағылымдамадан өткен. 2007 жылы ҚазҰУ, Шығыстану факультетін шығыстанушы-тарихшы, ағылшын тілінің мұғалімі және аудармашы мамандығы бойынша тәмамдап, Дж. Нерудің сыртқы саясаты тақырыбында дипломдық жұмысын қорғаған.
2005-2009 жж. Эйр Астан компаниясында борт-серік болып қызмет атқарған. 2007-2009 жж. әл-Фараби ҚазҰУ, Заң факультетінің Юриспруденция бойынша екінші жоғарғы білімі бар.
2023 жылдан бері Қазақстан Республикасының Үндістандағы елшісінің кеңесшісі лауазымын атқарды. Отбасында жұбайы және ұл-қызы бар.
Басқа жаңалықтар

