“I want to live on: The Untold Stories of the Polygon» деректі фильмінің көрсетілімі

4 маусым, 2024

04.06.2024 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінде «I want to live on: The Untold Stories of the Polygon»деректі фильмінің көрсетілімі өтті.

«Әріғарай өмір сүргім келеді: полигонның айтылмаған оқиғалары» Семей сынақ полигоны туралы деректі фильмі Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығымен түсірілген. Куәгерлердің дәлелді деректерімен бұл фильм үш ұрпаққа және қазіргі таңда адамдарға әсер ететін ядролық сынақтардың ұзақ мерзімді зияны мен азаптарын ашып көрсетеді.

Фильм көрсетілімінде негізгі қонақтар ретінде Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығының директоры Әлімжан Ахметов, ҚР Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Халықаралық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Дәурен Әбен сөз сөйледі. 

Көрсетілімнен кейін халықаралық қатынастар саласындағы студенттер фильмді белсенді талқылап, өз пікірлерін білдіріп, сарапшыларға сұрақтар қойды.