«Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО-ның ғылыми қызметкері PhD Ө.О.Тұяқбаевтің Монреаль қаласына іссапары

7 маусым, 2024

        2024 жылдың 02-14 сәуір аралығында «Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО-ның қызметкері ғылыми қызметкері PhD Ө.О.Тұяқбаев Монреаль қаласы (Canada, Quebec) McGill университетіне  2-апталық грант ұтып алып, ғылыми іссапарға барып келді. Мақсаты: Ослер медицина тарихы кітапханасының қорындағы шығыс тіліндегі қолжазбаларды зерттеу.

«Сэр Вилиам Ослер (Sir William Osler, 1849–1919) – белгілі канадалық дәрігер – McGill университеті Медицина факультетінде педагогикалық мақсатта медицина тарихын оқыту ісіне қажетті көне жазба мұраларды жинай бастайды. Нәтижесінде, медицина тарихына тікелей қатысты 7700  аса аталымдағы шығыс және батыс қолжабаларын, инкунабула, монография, архивтік құжаттарды жинақтап, Америка құрлығындағы ірі коллекционерлердің біріне айналады. В.Ослердің коллекциясына ие болып қалған Университет кітапханасы – Канададағы тарихи медициналық материалдардың ең ірі депозиттік орталығына айналып шыға келеді. 1929 ж. құрылған кітахана медицина тарихын зерттеуге қажетті коллекциялар құруды мақсат етіп, осы бағытта ғасырға жуық үздіксіз жұмыс жасап келеді.

McGill университеті аталған сала бойынша зерттеулерді қолдауға жылда іссапар грантын (Travel grant) жариялап, қолдау көрсетіп отырады. Былтыр грант конкурсына көне түркі медицинасына қажетті деректер мен жазба мұраларды жинақтау, музей, кітапхана қорын құру ісі бойынша жоба ұсынып, грантын ұтып алған болатынмын.

McGill университеті кітапханасының үлкендігі соншалық, әр бөлімі өз алдына бір кітапхана ретінде нақты бағытта жұмыс істейді. Osler кітапханасы медицина ғылымы мен тарихына қатысты депозит жинаса,  Blacker-Wood Library зоология, орнитология бойынша, Исламдық зерттеулер кітапханасы (The Islamic Studies) өз саласында, Сирек кітаптар және арнайы қор бөлімі (Rare Books and Special Collections Division) Канада жазба мұра қорын жинақтайды, зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады, мәдени-ғылыми ісшаралар (көрме, семинар, дәріс т.б.) өткізеді. 

Osler кітапханасы қорында Орталық Азияда жазылған 350 жуық медициналық жазба мұра сақталған. Соның ішінде шибандық Көшкінші хан мен Әбу Сағид ханға жазылған «Дастур әл-‘илаж» еңбегінің екі версиясы (шартты Көшкінші және Әбу Сағид версиясы) көшірілген қолжазбасы (MSS. 7785/3) бар.»

(Тұяқбаев Ө.О.-ның жеке парақшасынан үзінді)

Ослер кабинеті, 1929  ж. коллекциясы қалай келді, солай мұртын бұзбай сақтап қойған, экскурсия жүргізіп, таныстырған кітапхана жетекшісі, PhD Mary Hague-Yearl