География және табиғатты пайдалану факультеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті 1948 жылы ашылды. Өзінің даму тарихында факультет география, экология, туризм және басқа да Жер ғылымдары саласында 20 мыңнан астам маман дайындады, олардың ішінде жақын және алыс шет елдердің белгілі географтары, метеорологтары мен гидрологтары, экология мамандары, картографтар және туризм менеджерлері бар.
География және табиғатты пайдалану факультеті жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес лицензиялық оқу қызметін және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес практикалық білім беру бағдарламалары негізінде лицензиялық оқу қызметін ұсынады.
Мамандарды үш деңгейлі оқыту жүйесі бойынша даярлау орындалуда, бірлескен білім беру бағдарламалары мен екі дипломды білім берудің оқу жоспарлары (ШЫҰО, бірлескен білім беру бағдарламалары, Erasmus + және т.б.) әзірленіп, іске асырылуда.
Факультеттің барлық білім беру бағдарламалары халықаралық аккредиттеуден өтті (ASIIN e.v., FIBAA, ACUINUS, KazSEE), сондай-ақ жыл сайын ҚР ҰӘҚ Ұлттық аккредиттеу орталығының Ұлттық рейтингінде (НКАОКО, НААР, Атамекен және т.б.) ҚР жоғары оқу орындары арасында көшбасшылық позицияларды иеленеді.
Қазіргі уақытта факультет үш білім деңгейінде өзекті және еңбек нарығында сұранысқа ие 50-ден астам мамандықтар бойынша мамандарды дайындайды.
Мемлекеттің гранттар тізімі:
Бакалавриат https://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=6920
Магистратура https://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=6921
Докторантура https://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=6922