«Ғылым мен қоғамның өзара іс-қимылы: тіл, инновация, мәдениет» халықаралық форумы

14 қазан, 2024

Ақпараттық хат

Құрметті әріптестер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Орыс тілі мен мәдениеті» орталығы «Русский мир» қорының қолдауымен ғалымдарды, оқытушыларды, докторанттар, магистранттар, студенттерді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдығына арналған «Ғылым мен қоғамның өзара іс-қимылы: тіл, инновация, мәдениет» халықаралық форумына (бұдан әрі – Форум) қатысуға шақырады.

Форумның мақсаты: ғылыми білімді қоғамдық салаға кіріктіру, ғылымға қызығушылықты ынталандыру, заманауи инновациялар жағдайында ғылым мен мәдениеттің өзара әрекеттестігіне қатысты мәселелерді талқылау.

Форум барысында пленарлық және секциялық отырыстар, дөңгелек үстелдер, шеберлік сабақтары, русистика бойынша әдебиеттер көрмелері, мәдени бағдарлама сынды іс-шаралар жоспарланған.

Форум материалдары негізінде ғылыми еңбектер жинағы шығарылады. Ұйымдастыру комитеті Форумның тақырыптарына, бағыттарына немесе стандарттарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

Форумға қатысу үшін 2024 жылдың 30 тамызына дейін тіркеліп, келесі сілтеме арқылы материалдарды жіберу керек: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfIcDmT7-iHOkhb_KP-NmVTUjJRix8Xo10m3844PRj5vVnJ_w/viewform?usp=sf_link.  

Форумды өткізу тілдері: орыс, қазақ, ағылшын.

Форумды ұйымдастырушылар:

«Орыс тілі мен мәдениеті» орталығы, филология факультеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан).

«Русский мир» қоры (Ресей), Алматыдағы Орыс үйі (Қазақстан), «Кітап қаласы» дүкенінің Кітап көрмесі (Алматы).

Өтетін орны: № 409 мәжіліс залы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71.

Өткізу форматы: аралас (офлайн-онлайн, сырттай қатысу).

Өтетін күні: 2024 жылдың 14 қазаны.

Қатысушыларды тіркеу: 9.00. Басталуы: 10.00.

Анықтамалар үшін байланыстар:

Бегалиева Сауле Баязовна – тел.: +7 702 777 1604, sbegalieva@mail.ru

Баянбаева Жадыра Амангельдиевна – тел.: +7 777 163 5461, bayanbaevazhadra@mail.ru

Исалиева Сауле Темировна – тел.: +7 747 416 5076, salia72@mail.ru (жинақта жариялану бойынша).

 

Форумның тақырыптық бағыттары

 

1-секция. Мәдени құндылықтарды қалыптастырудағы ғылым және тұрақты даму.

2-секция. Әлем тілдері мен әдебиетінің ғылым мен білімдегі маңызы.

3-секция. Әдеби шығармалардың әлемдік мәдени мұрадағы рөлі.

4-секция. Филология пәндерін оқытудағы Digital жүйесінің артықшылықтары мен қиындықтары.

 

Форум аясында әлем тілдері мен әдебиетін, орыс тілін шет тілі ретінде оқыту мәселелері бойынша шеберлік сыныптары мен дөңгелек үстелдер өткізу ұсынылады:

1. Қазіргі кездегі әлем тілдерінің даму перспективалары:

- мәдениетаралық өзара әрекеттесу мен коммуникациядағы әлем тілдері;

- әлем тілдерінің дамуындағы қазіргі тенденциялар: жаңа сөздер, грамматика мен лексикадағы өзгерістер;

- әлем тілдері мен мәдениет арасындағы байланыс: тілдің мәдени сипаттарды бейнелеуі және қалыптастыруы;

- ОТҰҚ, ҚТҰК және ОШТ оқыту әлеуеті мен келешегі.

2. Классикалық әдебиет және қазіргі заман:

- ұлттық болмыстың қалыптасуындағы әлем әдебиетінің рөлі;

- заманауи әдебиеттің бағыттары мен тақырыптары;

- әдебиетті оқуға және түсінуге цифрлық технологиялардың әсері;

- медиа дискурс және заманауи әдебиет; тенденциялар және тілдік орта.

 

 

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

 

Форумның өтетін уақыты: 2024 жылдың 14 қазаны

Форумға қатысуға өтінімдер 2024 жылдың 30 тамызына дейін қабылданады.

Форум жинағына материалдарды берудің соңғы мерзімі – 2024 жылдың 30 тамызы.

2024 жылдың 14 қазаны – Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 71 мекенжайы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында сағат 9.00-ден бастап қатысушыларды тіркеу.

Форумға қатысу шарттары:

1. Форумға қатысу – тегін.

2. Жол жүру, тұру және тамақтану – жіберуші тараптың немесе қатысушылардың есебінен.

 

Мақаланы рәсімдеуге қатысты қойылатын талаптар:

- көлемі кемінде 5 бет, шрифті – TimesNewRoman, жоларалық интервал – 1, кегль – 12, абзац шегінісі – 1 см; барлық шеттері – 2 см; мәтіннің түпнұсқалығы 70%-дан кем емес (лицензияланған Antiplagiat.ru);

- бірінші жолда мақаланың тақырыбы қалың бас әріптермен ортаға қойылады;

- бір интервал төменде – ортада толық аты-жөні, оқу/жұмыс орны, барлық авторлардың электрондық поштасы (e-mail) (курсивпен);

- бір интервал төменде –аңдатпалар мен түйін сөздер үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) беріледі;

- бір интервал төменде – мақала мәтіні;

- әдебиеттерге сілтемелер мәтінде көрсетілгендей көрсетіледі, бастапқы нөмір төртбұрышты жақшада және нүктелі үтірмен бөлінген беттерде көрсетіледі;

- бір интервал төменде – пайдаланылған әдебиеттер тізімі (МЕСТ-2017).

 

МАҚАЛАНЫҢ РӘСІМДЕЛУІ

МАҚАЛАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

Авторлардың аты-жөні

Оқу немесе жұмыс орны

(қала, ел)

Барлық авторлардың пошталары

Аңдатпа. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. – 100 сөзге дейін.

Түйін сөздер: сөз/сөз тіркесі, сөз/сөз тіркесі.

 

Мақала мәтіні. Мақала мәтіні [1]. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні [2]. Мақала мәтіні.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Авторлардың аты-жөні. Кітаптің атауы. – Қала: Баспасы, жылы. – беттер саны [Электрондық ресурс]: URL: ______________ (өтінім берілген күні: _______). – кітаптар үшін

2. Авторлардың аты-жөні. Мақала атауы // Журналдың атауы. – Жылы. – Нөмірі (саны). –___-___ бб. [Электрондық ресурс]: URL: ______________ (өтінім берілген күні: _________). – журнал мақаласы үшін

3. Авторлардың аты-жөні. Мақала атауы // Конференцияның атауы: жинақтың түрі. – Қала, өткізу күні. – ___-___ бб. [Электрондық ресурс]: URL: ______________ (өтінім берілген күні: _________). – конференция материалдарындағы мақала үшін