- Басты бет
- Жаңалықтар
- География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының оқытушылары Стамбұл қаласында (Түркия) Ибн Халдун университетінде (Ibn Haldun University) біліктілікті арттыру курсынан өтті.
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының оқытушылары Стамбұл қаласында (Түркия) Ибн Халдун университетінде (Ibn Haldun University) біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының оқытушылары Г.К.Қайранбаева және Г.Б.Аубакирова 2024 жылдың 1 шілде – 10 шілде аралығында BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» бағдарламасы шеңберінде Стамбұл қаласында (Түркия) Ибн Халдун университетінде (Ibn Haldun University) біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Курстың мақсаты-халықаралық ғылыми жобаларды жазу әдістемелерін зерделеу және оларды жүргізу. Мұндай жобаларды жазу және жүргізу әдістемелерін зерделеуге арналған халықаралық тренинг ғылыми қоғамдастықты дамыту және зерттеу бастамаларын табысты іске асыруды қамтамасыз ету үшін үлкен маңызға ие. Сондай-ақ, біліктілікті арттыру курсында білім берудегі заманауи үрдістерді, білім алушылармен жұмыс істеудің инновациялық әдістерін, оқу-педагогикалық жұмыстың заманауи тәсілдері мен құралдарын зерделеуді қамтыды.
Семинарлар мен тренингтерді АҚШ, Ұлыбритания (Оксфорд, Кембридж), Түркия және т.б. сияқты елдерде білім алған оқытушылар өткізді, зерттеу мен оқытудың заманауи әдістерімен, білім мен ғылымның жаңа мүмкіндіктерімен бөлісті.
Ibn Haldun University- әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің серіктестерінің бірі, білім алушыларды даярлауда тығыз байланыста.
Осы біліктілікті арттыру курсынан өту оқушылардың дәстүрлі пәндерді оқу мен оларды практикалық қолдану арасындағы өзара байланысты түсінуін дамыту, оқытудың заманауи тәсілдері мен құралдарын тиімді қолдануға мүмкіндік береді; Ғылыми зерттеулердің сапасын жақсарту. Тренингтерде оқытылатын әдістер мақсаттарды дұрыс қою, нақты жоспарлау және ресурстарды тиімді басқару арқылы ғылыми зерттеулердің сапасын жақсартуға көмектеседі; халықаралық стандарттарға бейімделу. Халықаралық ғылыми жобалар белгілі бір стандарттар мен процедураларды сақтауды талап етеді. Осы стандарттарды білу және оларды іс жүзінде қолдана білу зерттеушілерге халықаралық ғылыми қоғамдастыққа сәтті енуге және жобаларды жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік береді.